Білім
Аймағамбетов тағы да мектеп асханасындағы бағаны сынға алды
- author AR-AY
- 20 қыркүйек, 2022
- 167
Аймағамбетов тағы да мектеп асханасындағы бағаны сынға алды
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппарат жиналысында мектеп асханаларындағы тамақ пен сусын бағасының әлі де арзандамай тұрғанын сынға алды.
Оның айтуынша, мектеп асханаларындағы баға дүкендегі және мектеп жанында орналасқан басқа да асханалардан қымбат болуы түсініксіз.
«Мектеп асханасындағы жарты литр су не бір тоқаш қалай дүкен немесе басқа да асханалардан қымбат болады? Нарықтағы орташа бағадан бірнеше есе қымбат. Ол біз үшін ғана емес, миллиондаған ата-ана мен бала үшін түсініксіз. Сондықтан арнайы нормалар қабылданды. Біз бұл мәселені көтеріп, арнайы жұмыс тобын құрған болатынбыз. Осы нормалар бойынша жұмыс істеу керек», – деді министр.
Осы проблеманы түбегейлі шешу үшін министр ережеге өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Енді асханалардағы тамақ өнімдерінің бағасы толығымен реттеліп, орташа нарықтағы бағадан жоғары болмауы тиіс.
«Мектеп асханалары үшін сатып алу өткізгенде бағаның шарықтап кетпеуін бақылап отыру үшін оны электронды порталға қосымша ілу керек болатын шығар. Біз бағаны нарықтық емес механизмдермен ұстап тұру туралы айтып отырған жоқпыз. Бірақ, дүкендегі судың бағасынан мектептегі баға үш есе көп болса, бұл дұрыс емес», – деді Асхат Аймағамбетов.
Министр бірқатар тиісті ұйымдарға жергілікті органдармен, басқа да үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе мониторинг жүргізіп, бір айдың ішінде қорытынды ақпарат беруді тапсырды.
halyq-uni.kz
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарда 180 құзыреттілік орталықтары ашылды
- авторAR-AY
- 29 қазан, 2024