Жамбыл жаңалықтары
Жамбыл облысының Антикоры кәсіпкерлікті жүргізудегі кедергілерді бағалау мақсатында сауалнама жүргізуде
- author AR-AY
- 27 қаңтар, 2023
- 253
Жамбыл облысының Антикоры кәсіпкерлікті жүргізудегі кедергілерді бағалау мақсатында сауалнама жүргізуде
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында адал кәсіпкерлікті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында.
Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде өңірдегі кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу үшін мобильді топ жұмыс істейді. Антикор, кәсіпкерлер палатасының, облыс әкімдігінің тәжірибелі қызметкерлерінен, қоғамдық кеңестің, Кәсіпкерлікті индустрияландыруға жәрдемдесу палатасының, Жамбыл облысының рестораторлар мен қонақүйшілер қауымдастығының өкілдерінен құралған мобильді топ кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерелді, сондай-ақ бизнестің дамуына кедергі келтіретін жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюда құқықтық көмек көрсетуде.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлер бизнесті жүргізу барысында кездесетін қиындықтарды анықтау үшін онлайн сауалнама жүргізілуде. Сонымен қатар, ақпарат пен шағымдарды жедел қабылдау үшін сенім телефоны жұмыс істейді: 8-707-308-1424.
Барлық ірі сауда нысандарында: базарларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, супермаркеттерде мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері туралы шағымдарды қабылдауға арналған сенім телефонының нөмірі ақпараттық аудио -хабарлама арқылы да таратылуда.
Тұрақты негізде «Антикор орталығы», «Атамекен» ҰКП диалог алаңдарында тұрғындардың, кәсібін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкердің немесе ірі бизнес иесінің күн сайын бетпе-бет келетін түйткілді және өзекті мәселелерін алқалы талқылау, шешу мақсатында аудан орталықтары мен қаланың сауда нысандарында көшпелі қабылдаулар өткiзiлуде.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшылығы Тараз қаласы, Әйтиев к-сі, 40 мекенжайы бойынша.күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жеке қабылдауға дайын.
Келесі мақала