САПАР СӘТТІ БОЛҒАЙ!
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған облыс делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына барды.
Іссапар аясында аймақ басшысы Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесті.
Нұржан Нұржігітов жылы шырайда қарсы алған Ленинград облысының губернаторына ризашылығын жеткізіп, екі ел ғана емес, өңірлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың кеңейе түсетініне сенім білдірді.
2021 жылы Жамбыл облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы 263,2 миллион АҚШ долларын құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 40,3 пайызға артқан. Оның ішінде экспорт 45,1 пайызға өсіп, 76,3 миллион АҚШ долларын, импорт 38,4 пайызға өсіп, 186,9 миллион АҚШ долларын құраған. Ресейге экспортталатын негізгі тауарлар – минералды және химиялық тыңайтқыштар, бейорганикалық химия өнімдері, ферроқорытпалар, көкөністер. Ал көрші елден жеткізілетін негізгі тауарлар қатарына қара металл бұйымдары мен тоқыма материалдары жатады.
– Елдер арасындағы тауар айналымы артады деп ойлаймын. Бұл үшін екі тарапта да мүмкіндіктер жеткілікті. Өңіраралық деңгейдегі ынтымақтастықты да нығайта түсу маңызды. Біздің облыста көкөніс, жеміс-жидек, ет өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған. Жамбыл облысы екіжақты ынтымақтастыққа негізделген бағдарламаларды жүзеге асыруға мүдделі, – деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Кездесу қорытындысы бойынша сауда-экономик алық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала