Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қыс мезгілінде жолды күтіп ұстау – қатаң бақылауда

Қыс мезгілінде жолды күтіп ұстау – қатаң бақылауда
ашық дереккөз
Қыс мезгілінде жолды күтіп ұстау – қатаң бақылауда
Өңір аумағындағы жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау айрықша бақылауға алынған. Бұл жұмыстарға бірнеше мердігер компаниялар жауапты болса, олардың тірлігін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қадағалайды. Ал жол бойын қардан тазалап, құм мен тұз шашу жұмыстары «Қазавтожолдың» міндеті. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» филиал қызметкерлері бұл мезгілде кестеге сәйкес инспекциялық жұмыстарды атқарады. Мәселен, мұндағы мамандар республикалық маңызы бар жолдар желісіне әр ай сайын 20 инспекциялық шығу жұмыстарын жүргізіп, жолдарға себілетін барлық материалдардан сынама алады. Бұдан бөлек, арнайы инженерлер жұмыс барысын қадағалап, қолданылатын материалдарға сарапта жүргізеді. Сәйкесінше, анықталған ақаулар жөнінде жолға жауапты мекеме мен мердігерге хабар береді. Шын мәнінде, мұның бәрі қыстыгүні көліктердің қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін іске асырылуда.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар