Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ
ашық дереккөз
ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Жыл сайын елімізде бір мезетте өтетін «Халық заңгері» жалпыреспубликалық науқаны тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Кеше аталған акция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Mart» сауда орталығында өтті. Онда заңгерлер, адвокаттар, нотариустер мен прокурорлар, облыс әкімдігінің басқармалары мен Тараз қаласы әкімдігі және өзге де бірқатар мемлекеттік орган қызметкерлері, яғни 40-қа жуық маман тұрғындарға заңдық тұрғыда кеңес берді.  width= – Еліміздің ірі қалалары мен негізгі елді мекендерінде бұл шара жыл сайын тұрақты ұйымдастырылып келеді. 2016- 2019 жылдар аралығында акцияға 7 мыңнан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдері қатысса, 100 мыңнан астам адам кеңес алды. Әлемдік пандемияға байланысты бұл іс-шара бір жылдары уақытша тоқтатылса, биыл қайта жалғасын тауып отыр. Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, тұрғындардың көкейіндегі мәселені шешу және тегін заң көмегін көрсету, – дейді аталған департаменттің провенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров. Заңгерлерден көмек сұрап к елгендердің бірі – Тараз қаласының тұрғыны Жеңіскүл Тоқметова. Айт уынша, ол алаяқтарға алданған. Атынан 2,5 миллион теңге алған адамды таниды. Құжатқа өзі қол қойғандықтан заңгерлер қолдан келер қайран болмайтынын айтыпты. Бір ғана үміт – сол адамды сотқа беріп, білікті адвокаттың көмегіне жүгіну.  width= Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил әкімдік өкілдеріне жүгінген адамдардың дені тұрғын үй алу үшін жер кезегіне тұрудың, жерді рәсімдеудің, жерді пайдалануға құқық беретін әкімдіктің қаулысын шығаруға байланысты көмек сұраған.  width= – Бізден кеңес алған  тұрғындардың бірі жалақы мәселесін, тағы бірі еңбек шартына қатысты мәселе көтерді. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашуға, кезекті ақылы еңбек демалысына қатысты кеңес алды. Мәселен, азамат біздің мекемеге келіп, ақылы еңбек демалысына қатысты арызданса, біз сол мекемені тексеріп, қателікке жол берілсе еңбек демалысының ақысы дұрыс есептелуін міндеттейміз. Қателік қай жылы кетсе, айырмашылық сол кездегі жалақымен есептеліп, арыз иесіне қайтарылады, – дейді облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұркен Сейдалиев.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар