Жаңалықтар
Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды
- author AR-AY
- 24 қаңтар, 2023
- 613
Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды
Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне баласының ине жұтып қойғанын айтып анасы келген.
"Қарапайым рентгенография асқазан-ішек жолдарында бөгде зат бар екенін көрсетіп, кейін екі ине табылған. Эзофагофиброгастродуоденоскопиямен (ЭФГДС) тексеру кезінде бөтен зат асқазанның антральді бөлігінде екені анықталып, бір ине алынған. Науқас Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургия бөлімінде мамандардың бақылауында", - дейді балалар ауруханасының дәрігерлері.
Нәтижесінде бір ине өз бетімен шыққан. Бірақ іштегі басқа ине шықпаған.
Алайда баланы қайта қарау кезінде құрсақ қуысының R-граммасында жамбас проекциясында төртінші ине табылған.
"Колоноскопия жасалып, соңғы инені сигма тәрізді ішектен алып, ұшымен ішектің шырышты қабығына бекітті. Қазіргі уақытта бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды", - дейді дәрігерлер.