Жамбыл жаңалықтары
Гүлбаршын Құланбаева "JAMBYL" телеарнасының директоры болып тағайындалды
- author AR-AY
- 20 қыркүйек, 2022
- 375
Гүлбаршын Құланбаева "JAMBYL" телеарнасының директоры болып тағайындалды
Гүлбаршын Құланбаева "JAMBYL" телеарнасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Гүлбаршын Қайратқызы 2001-2006 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ- нің «Әлем тілдері» факультетінде оқып, бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалында редактор болып бастаған. 2014 жылға дейін аталған мекемеде аға редактор, шеф редактор қызметтерін атқарған.
2014-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімінің аппараты баспасөз қызметінің бас маманы, баспасөз қызметінің жетекшісі болып еңбек еткен.
2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылы «ZhambylNews» ақпараттық агенттігінің бас редакторы қызметін атқарған.
2020 жылдың 26 қазанынан бүгінгі күнге дейін «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің басшысы қызметін атқарды.
Г. Құланбаева Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хаты, "Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі, "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.
Келесі мақала