Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

12 желтоқсан «Алаш күні» деп ресми белгілене ме

12 желтоқсан «Алаш күні» деп ресми белгілене ме
ашық дереккөз
12 желтоқсан «Алаш күні» деп ресми белгілене ме
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының 12 желтоқсанды «Алаш күні» деп ресми белгілеу туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Тәуелсіздік күнінің қарсаңындағы 12 желтоқсанды – «Алаш күні» деп ресми белгілеуге қатысты депутаттық сауалға келесіні хабарлаймын. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша құрылған мемлекеттік комиссия жұмыс істеуде. Мемлекеттік комиссия өз құзыретіне сәйкес 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық, заңды және саяси тұрғыдан ақтау мәселелерімен айналысуда. Жыл сайын «Ақ жол» партиясының бастамасымен ұйымдастырылатын «Алашқа тағзым» шеруі мен жылдағы дәстүр бойынша 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жоғары деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта, көтерілген мәселе Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар