Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БҮЛІНГЕН НЫСАНДАР БҮТІНДЕЛІП КЕЛЕДІ

БҮЛІНГЕН НЫСАНДАР БҮТІНДЕЛІП КЕЛЕДІ
ашық дереккөз
БҮЛІНГЕН НЫСАНДАР БҮТІНДЕЛІП КЕЛЕДІ
Бүгінде Талас және Сарысу аудандарындағы төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары қыза түскен. 3-4 қаңтар күндері болған қатты жел мен қарлы боран салдарынан аталған аудандарда бірқатар нысандар мен электр желілері зардап шеккен болатын. Дауылдан бүлінген Жаңатас қаласындағы 7 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес жұмысты сапалы әрі тез арада аяқтау үшін жергілікті мердігерлер жұмылдырылған. Бүгінде нысандардағы жұмыстар 60-70 пайызға аяқталған. Аудандық электр желілерін тарату мекемесі 270 нысанда жұмыс жүргізіп, оның 242-сі және 100 шақырым желінің 91-і қалпына келтірілді. Жұмыстар жалғасуда. Жаңатас қаласының жылыту, ауызсу, кәріз жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде Жаңатас қаласындағы электр бағаналары құлап, электр желілерінде тиісті кернеуді таратуда кедергі туындаған. Соған байланысты «Жаңатас-Су-Жылу» МКК жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Осы орайда қазандықтың жеке генераторларының қуаты айналым-сорғыларының қызметін қалыпқа келтіргенше Астанадан жеткізілген ірі дизель генераторы пайдаланылып, қаланы ауызсумен қамту жүзеге асырылды. Сондай-ақ Талас ауданының Қаратау қаласы бойынша зардап шеккен 14 ғимараттың 13-і бойынша күрделі жөндеу (шатырларын толық ауыстыру), ал 1 нысанда ағымдағы жөндеу шаралары қызу жүруде. Барлық нысандар бойынша демонтаж жұмыстары аяқталып, қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп, монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қаратаулықтарға су, жарық, жылу үздіксіз берілуде. Сонымен қатар аудандағы Есейхан ауылындағы электр желілері толық қалпына келтіріліп, 170 абонент жарықпен қамтылса, Қасқабұлақ ауылындағы 143 абонент және Қараой ауылындағы 76 абоненттің барлығына дизель генераторлары арқылы электр қуаты берілуде. Қазіргі таңда Есейхан ауылынан Қараой ауылына дейінгі 18 шақырымдағы жарамсыз болып қалған 40 электр бағанасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған барлығы 56 адам және 11 техника жұмылдырылған. Қараой ауылының ішкі электр жүйесі жарық беруге толық дайын. Сол секілді Есейхан-Қасқабұлақ бағытындағы ВЛ-10 КВТ электр желісінің толық жарамсыз болып қалуына байланысты электр жүйелерінің материалдық жабдықтары жинақталып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл елді мекендерге қойылған генераторлар есебінен ауызсу тұрақты берілуде. Негізгі ауызсу алу стансасының электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан азық-түлік өнімдеріне деген сұраныс қалыпты жағдайда, тапшылық жоқ. Аудандардағы қатты дауылдан келген шығын көлемі есептелуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар