"Асыл домбыра" Әулиеата төрінде!
Өткен жылдың тамыз-қараша айларында Алматы қаласында «ASSYLTAS» қоғамдық қоры мен «Хабар» телеарнасының ұйымдастыруымен «Асыл домбыра» тележобасы өткен болатын.
Жалпы саны 17 облыс және 3 қаладан 20 команда бақ сынаған мегажобада жамбылдық айтыскерлер Қанат Мырзахан, Айтбек Тұрсынбаев, Дархан Әбдіманат БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болып, облыс абыройын асқақтатқан болатын. Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Асыл домбыра» тележобасының ұйымдастырушылары мен жеңімпаздарының қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Брифингте алдымен сөз алған Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев соңғы жыл өңірдегі мәдениет саласы жетістікке толы болғанын айта келе, бұл жеңіс жамбылдық айтыскерлер мектебінің қанаты қатайып, дамығандығының көрсеткіші екенін атап өтті.
Бұдан соң сөз алған «Хабар» агенттігі АҚ төрағасы Берік Уәли мен «ASSYLTAS» қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеев аталмыш айтыс додасының маңыздылығын атап өтті.
Мұнан соң "Асыл домбыра" облыстық тарихи-өлкетану музейіне салтанатты түрде тапсырылды.
Келесі мақала