Жамбыл жаңалықтары
Жамбыл облысынан Сенат сайлауына екі кандидат қатысады
- author AR-AY
- 14 қаңтар, 2023
- 251
Жамбыл облысынан Сенат сайлауына екі кандидат қатысады
Парламент Сенаты сайлауында Жамбыл облысы бойынша екі үміткер бақ сынағалы отыр, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Бастапқыда Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына Жамбыл облысынан 5 кандидат түскен еді. Олар Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы, Оразбеков Аслан Ұланұлы, Умаров Гулан Мухтарұлы, Айтақов Жарылқасын Әбдіғаппарұлы және Арубаев Сәкен Қаланұлы. 5 кандитаттың ішінен 3 үміткер шегерілді. Облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкеліп сайлау туралы заңдарды түсіндіріп, кандидаттарды таңдау тәртібіне тоқталып өтті.
- Біздің осы сайлауға келіп отырған себебіміз сенатқа депутаттарды сайлауымыз керек. 6 жылдық мерзімі аяқталған сенат депутаттарының орнына кандидаттар өздерін ұсынған. Солардың ішінен 2 үміткер қалды. Арубаев Сәкен Қаланұлы мен Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлына халық дауыс беруде, - деді облыстық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев.
Келесі мақала