ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Қалың қар қалалықтарды да, ауылдықтарды да әжептәуір әуреге салып жатыр. Осы орайда облыс орталығында «Жасыл ел – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қала аумағындағы автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдарында төтенше жағдайлар туындамас үшін тазалық жұмыстарын атқаруда.Қалада 76 көшенің қарын күреу және тұз аралас құм шашу жұмыстары бекітілген. Қысқы тазалық жұмыстарына 47 техника пайдаланылады. Қар тазалау бригадалары тәулік бойы ауысымды кестемен жұмыс істеуде.
Мекемеде диспетчерлік қызмет бар. Олар барлық жұмысты бақылауда ұстауда. Жұмысшылар үшін демалыс бөлмесі жабдықталған және үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар осы жұмыстарды мерзімінде атқару үшін мекеме қызметкерлері күнделікті кезекшілікте тұр.
9 қаңтар күні толассыз жауған қарға байланысты 14 тұз аралас құм шашатын техника жұмысы кешкі сағат 21:00-ден басталып, таңғы 08:00-ге дейін жалғасты.
Ал 10 қаңтар күні көшеге тұз аралас құм шашатын техникалар жұмысы таңғы сағат 09:00-ден басталып, тазалау жұмыстары әлі де жалғасуда. Қаланы қардан тазалауға 162 адам қосымша жұмылдырылған.
Атап өтетін жайт, қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап және қоғамдық көлік қатынасына кедергі келтіріп, кептеліс тудырмау үшін қар тазалау жұмыстары белгілі бір уақытта тоқтатылуда. Нақты айтқанда, қар тазалайтын көліктер таңғы сағат 8:00-ден 9:30-ға дейін, кешкі 18:00-19:30 аралығында кейбір аймақтарда жұмыстар белгілі бір уақытқа тоқтайды.
Қазіргі таңда мекеме қорында 295 тонна тұз бар. Қосымша 7 000 текше метр құм және 1000 тонна тұз алынды.
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Келесі мақала