Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Егер ұялы телефоныңыз жоғалса...

Егер ұялы телефоныңыз жоғалса...
ашық дереккөз
Егер ұялы телефоныңыз жоғалса...
Ұялы телефон бүгінде адам өміріне ең қажетті дүниелердің бірі. Тіпті қайда барса да қалтадан түспейді. Соған қарамастан, ол жиі қолды болатын заттардың қатарына кіреді. Сондықтан ұялы телефонды барынша қауіпсіз етудің жолдарын қарастырған абзал. Бұл материалда «Fingramota» сайтының мәліметтеріне сүйене отырып, қауіпсіздік үшін маңызды бірқатар кеңес ұсынамыз. Бұғаттауды пайдаланыңыз. Телефонның теңшеулерінде экранның автоматты бұғатталуын қосыңыз, саусақ ізінің немесе Face ID көмегі арқылы биометрикалық құпиясөзді қолданыңыз. Қадағалау теңшеуін орнатыңыз. Құрылғының орналасқан орнын қашықтан қадағалауға мүмкіндік беретін бағдарламаны пайдаланыңыз. Телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда сіз өзіңіздің гаджетіңіздің қай жерде екенін қадағалап, оған қосылып, өзіңіздің барлық деректеріңізді өшіре аласыз. Мысалы, «Android» базасындағы құрылғыларда – «Google Find My Device» телефонды іздеу функциясы, «Samsung» девайстарында – «Samsung Find My Mobile» ұқсас опциясы, iOS алаңында – «Find My iPhone» опциясы бар. Оларды гаджеттің теңшеуінде міндетті түрде алдын ала іске қосыңыз. Резервтік көшірмелер. Міндетті түрде деректеріңіздің резервтік көшірмелерін жасаңыз. Бұл опция теңшеу конфигурациясын, барлық қосымшаларды және жеке ақпаратты сақтау үшін ойлап табылған. Берілген функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және оларды жаңа құрылғыға көшіруге көмектеседі. Телефон ұрланса, не істеу керек? Сіздің банктік картаңызға тікелей байланысты нөмірі бар телефон жоғалған жағдайда, сізге қызмет көрсететін банкке шұғыл түрде хабарласуға кеңес береміз. Барлық карталарды бұғаттауды сұраңыз. Оларды кейін қайта шығаруға тура келеді. Басқа құрылғылардан электронды поштаңыздың, әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңыздың құпиясөздерін шұғыл түрде өзгертіңіз. Егер сіз телефоныңыз ұрланғанына сенімді болсаңыз, уақыт оздырмай ұрлық туралы құқық қорғау органдарына өтініш жазуыңыз керек. Тіркелген өтініштің көшірмесін өзіңізде сақтаңыз. Сіздің шотыңыз бойынша операциялар соңғы рет қашан жасалғанын банктен нақтылаңыз. Егер алаяқтар сіздің картаңыздан қаражат алып үлгерсе, онда банкке өтініш жазып, ішкі тергеу жүргізуді сұраңыз. Сіз барлық сақтық шараларының сақталуын талап етіңіз. Осы өтінішке телефонды ұрлау туралы өтініштің көшірмесін қоса беріңіз.

Дайындаған Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар