Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бүгін Қазақстанның 12 өңірінде оқушылар сабақты үйден оқиды

Бүгін Қазақстанның 12 өңірінде оқушылар сабақты үйден оқиды
ашық дереккөз
Бүгін Қазақстанның 12 өңірінде оқушылар сабақты үйден оқиды
10 қаңтар күні Астана мен бірнеше өңірде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшіріледі, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі. Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды. Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 0-11 сыныптар, Күршім ауданында 0-9 сыныптар, Ақмола облысыныңКөкшетау қаласында және Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды. Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар, сондай-ақ Қарағанды қаласында0-9 сынып оқушылары үйден білім алады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстарында да 0-11 сынып оқушылары сабаққа бармайды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар