Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

СЕНАТОРЛАР – ЕЛ ІШІНДЕ

СЕНАТОРЛАР –  ЕЛ ІШІНДЕ
ашық дереккөз
СЕНАТОРЛАР – ЕЛ ІШІНДЕ
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Абдалы Нұралиев Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен халық қалаулылары М-1, М-3 магистральді жылу желілерінің жұмысымен танысты. М-1 магистральді жылу желісінің меншік иесі – «ТаразТрансЭнерго» МКК. Жалпы ұзындығы – 6,76 шақырым. Жылыту аумағы – 430,4 шаршы метр. М-1 жылу желісі арқылы 131 көппәтерлі тұрғын үй, 8 мектеп, 6 балабақша және 88 әлеуметтік, өндірістік нысан жылытылады. М-3 магистральді жылу желісі де аталған кәсіпорынға қарайды. Жылу желісі 89 көппәтерлі тұрғын үйді, 3 мектеп пен 4 балабақшаны, 4 әлеуметтік, өндірістік нысанды қамтиды. Сонымен қатар депутаттар Талас өзеніндегі көпірдің жағдайын және өзен жағалауын нығайту жұмысын зерделеді. Тараздан Алматыға шығатын аумақтағы Талас өзеніндегі көпірді қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленген. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Ал Талас өзенінің арнасын, жағалауын нығайту бойынша жұмыстар 2023 жылдың желтоқсанында аяқталуға тиіс. Облыс орталығындағы «Барысхан» тұрғын үй алқабында 600 орындық мектеп салынған. Құрылысы 2021 жылы басталған оқу ордасы 3 қабаттан тұрады. Қазіргі уақытта жылу жүйесі, су құбыры, электр желілері іске қосылған. Алқапта 8-18 жас аралығындағы 1 032 бала болса, 828-і мектеп жасында. – Заманауи үлгіде салынған мектептің биыл қолданысқа берілетіні қуантады. «Барысхан» алқабына дәл қазір білім ошағы ауадай қажет. Сондықтан көп ұзамай барысхандық балалар осы мектепте оқиды деген ойдамын. Бұл халыққа жасалған үлкен қолдау, – дейді Абдалы Нұралиев. Келесі кезекте Жамбыл ауданына ат басын бұрған сенаторлар Аса ауылында бой көтеретін 6 көпқабатты тұрғын үйдің орнын, жобаның жүзеге асырылу деңгейін, күрделі жөндеуді қажет ететін аудандық орталық аурухананың және Өрнек ауылындағы 25 келушіге арналған амбулаториялық пункттің қазіргі жағдайын көрді. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралұлының айтуынша, Аса ауылынан көпқабатты пәтер салынса, 440 азамат кезектілікке сәйкес баспаналы болады. Сондай-ақ аудан әкімі амбулаториялық пунктті қалпына келтіру үшін биыл 96 миллион теңге қаралғанын, орталық аурухананың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік ұсыныс берілгенін жеткізді. Сондай-ақ сенаторлар Қаракемер ауылына жүргізіліп жатқан ауызсу құбырының құрылыс жұмыстарын да көрді. Жалпы елді мекенге ауызсу жүргізілген. Алайда тозығы жеткен құбырлардың салдарынан қаракемерліктер сапасыз тіршілік нәрін тұтынуда. Ауылды ауызсумен қамту үшін 504 миллион теңге қаралып, «Таразстрой-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазан айынан бастап іске кіріскен. Ауызсу құбырының жалпы ұзындығы 19,2 шақырымды құрайды. Бүгінде су мұнарасының орны қоршалып, ұңғыма қазу жұмыстары аяқталуға жақын қалған. Ауылішілік көшелер қазылып, құбырлар орналастырылған. Құрылыс жұмыстарын көрген сенаторлар тұрғындар өтініші негізінде жүзеге асырылып жатқан игілік сапалы әрі уақытылы аяқталуы керектігін мердігер компания өкіліне ескертті. Бұдан кейін олар Өрнек ауылындағы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасының шарапатын көріп отырған шаруалардың жобаларымен танысты. Депутаттардың екі күндік іссапары Байзақ, Қордай аудандарында жалғасты.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар