Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МӘДЕНИ МҰРАЛАР – МӘҢГІЛІК ҚАЗЫНАМЫЗ

МӘДЕНИ МҰРАЛАР – МӘҢГІЛІК ҚАЗЫНАМЫЗ
ашық дереккөз
МӘДЕНИ МҰРАЛАР – МӘҢГІЛІК ҚАЗЫНАМЫЗ
Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде баспасөз туры өтті.  Баспасөз туры үш бағытта жүрді. «Ескерткіштер – елдіктің белгісі» бағыты бойынша БАҚ өкілдері тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы сақталған тарихи құнды жәдігерлерді көріп, көзайым болды. «Музей – тарихи құндылықтар ордасы» бағыты аясында облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылған жауһар жәдігерлер, ата-бабамыздың тұрмыста қолданған ыдыстары, киім-кешектері таныстырылды. Ал «Руханият – халық қазынасы» бағытында Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының жұмысына қанықты. Жалпы облысымызда қазірге дейін табылған 3 435 тарихи ескерткіш болса, оның 80 пайызы археологиялық ескерткішке жатады. Ал музейдегі кітапхана қорында 2 781 кітап сақталған. Оның 1 220-сы қазақ тілінде. – Облыстық тарихи-өлкетану музейі 1931 жылы 25 тамызда құрылған. Біздің мақсатымыз – жалпы ата-бабамыздан қалған тарихи жәдігерлердің ертеңгі ұрпаққа жетуін қадағалау, соны насихаттау. Оны зерттеп, келушілердің назарына ұсыну. Қазіргі таңда бұл бағытта 10 қалалық және 8 аудандық бөлім жұмыс істеуде. Жалпы музей қорында 70 мыңға жуық құнды жәдігер бар. Бұл біз үшін таусылмас қазына. Музейге жылына шамамен 24 мың адам келеді. Келушілерге өлкеміздің тарихы туралы жан-жақты мағлұмат беріп, аймақтың мәдени-рухани тұрғыда дамуына өзіндік үлесімізді қосудамыз, – дейді облыстық тарихи өлкетану музейі директорының орынбасары Жанна Қосалиева. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар да таныстырылды. Сондай-ақ баспасөз турына қатысушылар Балалар жылына орай ұйымдастырылған Тараз қаласындағы балалар көркемөнер мектебінің «Балалар бояу әлемінде» атты шығармашылық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Шапағат ӘБДІР
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар