Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сапасыз университеттер биыл да жабыла ма?

Сапасыз университеттер биыл да жабыла ма?
ашық дереккөз
Сапасыз университеттер биыл да жабыла ма?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоның кеңейтілген алқа отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Министр университеттердің лицензиясына қатысты сұраққа жауап берді. Сөзінше, университет лицензиясынан тек соттың шешімен айырылады. Конституцияға сәйкес, Үкімет атқарушы билік соттың шешімін өзгерте алмайды. Бұл – Конституцияда бекітілген қағидат.
Соңғы 2 жылда 16 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды. Биыл 15 университет тексеріледі. Алайда 2023 жылдан бастап университеттерді мемлекеттік бақылау моделі өзгереді. Осылайша, жаңа реттеу саясаты енгізіледі. Бұл мәселені мұқият қарастырамыз, - деп айтты Саясат Нұрбек.
Министрлік басшысы университетті бұрынғыдай тез жабуға мүмкіндік болмайтынын айтты. Себебі, заңдағы қағидат өзгереді.
Бірақ бұл жұмысты жалғастырамыз. Президент нақты тапсырмалар берді. Оған қатысты саясат өзгерген жоқ.Сапасыз білім берген жоғары оқу орындары қатаң реттеу принциптері қолданылады, - деді министр.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде 5 жеке университетпен сот процесі жүріп жатыр.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар