Әлеумет
Facebook пен Instagram-дағы әрекеті үшін Meta-ға 390 млн еуро айыппұл салынды
- author AR-AY
- 6 қаңтар, 2023
- 146
Facebook пен Instagram-дағы әрекеті үшін Meta-ға 390 млн еуро айыппұл салынды
Еуропалық Одақтың жеке мәліметтерді қадағалушы органы Meta компаниясына 390 млн еуро айыппұл салды.
Оның 210 милионы бірлестіктің Facebook әлеуметтік желісі, ал қалғаны Instagram-дағы әрекеті үшін алынғалы отыр. Шешімге америкалық алпауыттың тұтынушылар туралы жинаған жеке мәліметтерді жарнама үшін пайдалануы әсер еткен.
Сондай-ақ еуропалық реттеуші WhatsApp желісіне қатысты тағы бір істі тергеп жатыр.
Сарапшылар Meta компаниясының адамдардың интернеттегі әрекетін бақылап, жарнама ұсыну кәсібіне кері әсерін тигізуі мүмкін дейді.
Ал бірлестіктің өзі сотқа жүгініп, шешімді қайта қарауды сұрамақ.
Келесі мақала