Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өзін-өзі атып өлтірген Жамбыл облысының бұрынғы бас полицейіне қатысты іс тоқтатылды

Өзін-өзі атып өлтірген Жамбыл облысының бұрынғы бас полицейіне қатысты іс тоқтатылды
ашық дереккөз
Өзін-өзі атып өлтірген Жамбыл облысының бұрынғы бас полицейіне қатысты іс тоқтатылды
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласы мен екі облыстағы қауіпсіздік комитеті департаментінің жеке құрамы ғимаратты тастап кеткен. Оларға ҰҚК-ның сол кездегі төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловтан тапсырма келген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni. «Жаппай тәртіпсіздіктер шегіне жеткен кезде Алматы қаласы, Алматы облысы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамының барлығы өз ғимараттарын тастап кеткен. Тергеу мәліметі бойынша, 5 қаңтарда жеке құрамды ғимараттан кетуге дайын болу қажеттілігі туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Садықұловтың нұсқауы келіп түскен», - деді Бас прокурор.
Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен.
Сондай-ақ басшылықтың нұсқауы бойынша Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттері өз ғимараттарын тастап кеткен. «Осы басшылар әлсіздік танытты. Бұл өз кезегінде жеке құрамның рухын түсірді. Соның салдарынан тәртіпсіздіктің жолын кесу бойынша шаралар уақтылы қабылданбаған. Салдарынан Алматы мен Талдықорған 2 күн бойы қарулы содырлардың билігінде болды. Олар қару-жарақтың үлкен арсеналы – 3 мыңға жуық автомат, пистолет, снайперлік винтовка және он мыңдай оқ-дәріні тонап кетті», - деді Берік Асылов. Осы басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қарулары бүлікшілердің қолына түсті.
Әлі күнге дейін 2 мыңға жуық қарудың қайда екені белгісіз, - деді Асылов.
Арнайы прокурорлар билікті асыра пайдаланудың осы фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 аумақтық департаментінің экс-басшылары, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы және басқа адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды. Жамбыл облысы полиция департаментінің экс-бастығына қатысты қылмыстық қудалау қайтыс болуына байланысты тоқтатылды. Ол өзін-өзі атып өлтірген. Айта кетейік, 2022 жылдың 10 қаңтарында Таразда Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, генерал Жанат Сүлейменовтің мәйіті табылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар