Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда 18 адамға қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған

Қазақстанда 18 адамға қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған
ашық дереккөз
Қазақстанда 18 адамға қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған
Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда 18 адамға қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айып тағылғанын айтты, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 5 қаңтарда Мәжілістегі арнайы тыңдаулар барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің қорытындысын жариялады. Парламент кулуарында журналистер бас прокурордан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов өз мүддесі үшін әрекет етті ме, әлде біреудің тапсырмасын орындады ма деген сауал қойды.
"Бұл істер өте құпия режимде тергеліп жатыр. Сондықтан нақты осы сұрақтарды осы істі тергеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолдар едім. Біз тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бойынша 18 адамға қатысты іс қозғадық. Көптеген іс кетті. Егер нақты фамилиялар қажет болса, қосымша көтере аламыз", - деп жауап берді бас прокурор Берік Асылов.
Айта кетейік, Мәжілістегі тыңдаулар барысында Бас прокурор қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның экс-орынбасары Әнуар Садықұлов ҰҚКД ғимаратынан кету туралы бұйрық бергенін айтқан болатын.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар