Жамбыл облысының автожолдарында 100-ден астам адам құтқарылды
- author AR-AY
- 3 қаңтар, 2023
- 206
2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 10.15-тен бастап Жамбыл облысы Жуалы ауданының Шақпақ асуында «Алматы-Термез-Ташкент» (574-587км) республикалық маңызы бар автожол учаскесінің жабылуына байланысты, ТЖД күштері жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету мақсатында патрульдеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушылар 110 адамды, оның ішінде 37 баланы құтқарды.
Құтқарылғандар М. Жұмабаев атындағы № 29 орта мектептегі жылыту пунктіне жеткізілді. Оларға психологиялық көмек көрсетілді.Зардап шеккен адамдар жоқ. Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 61 адам және 27 бірлік техника жұмылдырылды: ТЖД (18 қызметкер және 7 бірлік техника), "Қазавтодор" ЖШС (28 қызметкер және 14 бірлік техника), ЖПҚ (6 қызметкер және 3 бірлік техника), ЖАО (9 қызметкер және 3 бірлік техника). Жамбыл облысы ТЖД азаматтарға ауа райының өзгеруін бақылауға кеңес береді.
Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі