Үздіктер үмітті ақтайды
Облыстың экономикалық-әлеуметтік және мәдени дамуына үлес қосып жүрген жастар аз емес. Жыл қорытындылар шақта әулиеаталық бірқатар үздік жас «Әулиеата үміті-2022» сыйлығымен марапатталды. Әр салада белсенді жастарды ынталандыруға бағытталған жоба осымен төртінші жыл ұйымдастырылып отыр. Оған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы қатысты.
Іс-шарада аймақ басшысына өңір жастарының жетістіктері туралы көрме таныстырылып, өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысына арналған бейнеролик көрсетілді.
Үздіктерді марапаттау үшін сахнаға шыққан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов ақжарма тілегін жеткізді. Облыс басшысы өз сөзінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан мемлекет тарапынан жастар саясатына ерекше көңіл бөлініп, жастар саясатын қаржыландыру көлемі жылдан-жылға артып келе жатқанын тілге тиек етті.
– Кезінде Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаев «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» жастарға зор сенім артқан. Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты.
Жас буын мемлекеттің саясатына белсенді араласып, ел экономикасындағы өзгерістерге қызығушылық танытуы тиіс.
Келесі мақала