Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаев ұсталды
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазселденқорғау" ММ директорының пара алу кезінде ұсталғанын растады.
Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, оған 800 мың долларға жуық пара алды деген айып тағылып отыр.
"Қазселденқорғау" – ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны. Ашық дереккөздерге сенсек, Кәрім Көкірекбаев "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшылығына 2019 жылдың тамыз айында келген. Бұдан бөлек 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2013-2018 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі лауазымдарын атқарды.
Келесі мақала