Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы жалғасатын болды

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы жалғасатын болды
ашық дереккөз
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы жалғасатын болды
Қазақстанда "7-20-25" ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы ұзартылады.
"Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру жалғастырылады. Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 123 Қаулысымен қабылданды", - делінген хабарламада.
Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылы бағдарлама бойынша кредиттеу үшін 100 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарланған. Бағдарлама бойынша жыл сайынғы кредиттеудің нақты көлемі нарықтағы банктердің нарықтық ипотекалық өнімдері мен олардың дамуына байланысты белгіленеді деп көзделіп отыр.
"Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралды. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлігінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады", - делінген ҰБ хабарламасында.
2022 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша 852,2 миллиард теңге көлемінде 64 146 жеңілдетілген қарыз берілген. Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20 пайыздан бастап бастапқы жарнамен жылдық 7 пайыз жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылған.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар