Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жолдың сапасы қандай?

Жолдың сапасы қандай?
ашық дереккөз
Жолдың сапасы қандай?
Бүгінде әлеуметтік маңызы бар мәселенің бірі – жайлы жол салу. Сондықтан да, бұл салаға жыл сайын қомақты қаржы бөлініп келеді. Алайда, қыруар қаражат жұмсалған жолдардың сапасы сын көтере ме? Ел Үкіметінің қаулысымен 2019 жылдан бастап жұмыс істейтін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» негізгі мақсаты да – қара жолдың сапасын бақылау. Орталықтың облыстағы филиалының қызметкерлері республикалық желідегі жолдарға 594, жергілікті желіге 191 рет тексеріс жүргізіп, бірқатар кемшіліктерді анықтаған. Мәселен, мұндағы 169 кемшілік республикаға тиесілі болса, 21 кемшілік жергілікті жолдарға қатысты. Ал нормативтік талаптарға сәйкес келмеген материалдар сынамасының 170-і облыстық, қалған 17-і республикалық желі бойынша белгілі болып отыр. Сондай-ақ арнайы құрылғының көмегімен тексерілген 1 514 дана жол белгісінің 443-і талапқа сай еместігі анықталып, нәтижесінде әкімшілік полиция басқармасына хат жолданған. Жалпы, жол ақауларына байланысты тапсырушы мен мердігерге ескерту берілгеннен кейін, бір мердігер компания өз қаражаты есебінен қайта жол салу жұмысын орындаған. Бұл жұмыстардың құны – 338 198 миллион теңгені құрайды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар