Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Балалар жылы. Министрлік есеп берді

Балалар жылы. Министрлік есеп берді
ашық дереккөз
Балалар жылы. Министрлік есеп берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды – балалар жылы деп жариялап, балаларға ерекше көңіл бөлу керектігі туралы айтқан. Осы тұрғыда атқарылған жобалар туралы баяндама жасаған мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы жыл бойы 1 миллионнан баланы қамтитын 69 іс-шаралары жүзеге асырылғанын айтады.
«Балалар жылы аясында еліміздегі мектептердің 20%-ын қамтитын балалар өнер мен мәдениетте нені білу керек деген сұраққа жауап беретін «Оқушының мәдени нормативі» жобасы жүзеге асырылды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті көтеруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, балалар кітабын сайтқа орналастыруда «Дана бала» веб-сайты арқылы 5000 кітап сайтқа орналастырылды»,-деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, балалар шығармашылығына да ерекше көңіл бөлінді. Аз қамтылған отбасының балалары театр шығармашылығымен танысып,  тегін қойылымдарды көріп, түрлі қайырымдылық шаралары да тұрақты жүзеге асырылып отырды дейді ол.
 «Еліміздің барлық өңірлерінде тегін музей ұйымдастырылды. Және «Музейдегі оқу күні» атты жобасы аясында оқушылар пәндер бойынша музейдегі экспонаттарды музейден көте отырып, сабақ жүргізеді. Бұл тың жоба деп ойлаймын. Әлемнің дамыған мемлекетінде осындай тәжірибелер кеңінен қолданылады. Балаларды туризм бағыты арқылы жанды сабақтар жүргізіп, дамыту, оқыту мақсатымыздың бірі болып отыр»,-деп атап өтті вице-министр.
Жүзеге асырылып жатқан түрлі шаралар республиканың ірі қалаларында көптеп өткізіліп жатқандай. Ауылдық жерлерде қалай жүзеге асырылып жатыр деген сұраққа:
«Қалада жасалып жатқан жұмыстар әлеуметтік желі арқылы көп насихатталады. Бірақ, негізгі мақсатты ауыл балаларына бөлеміз. Барлық жүзеге асырылып жатқан шаралар тең дәрежеде ауыл, қала балаларына арналады»,-деп жауап берді Нұрғиса Мұратұлы.
Қазіргі таңда өңірлерде дарынды балалар көп. Мемлекет тарапынан да осындай дарынды балаларға арналған байқаулар да ұйымдастырылуда. Биыл арнайы байқаулардың талаптарында аса бір өзгеріс жоқ. Бірақ, вице-министрдің сөзінше, балалар байқауларының барынша сапалы болуына ерекше мән берілді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар