Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАМБЫЛДЫҚ СТУДЕНТТЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ СТУДЕНТТЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛДЫҚ СТУДЕНТТЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan-2022» республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. EXPO халықаралық көрме орталығы мен колледждер алаңында өткен, жетінші рет ұйымдастырылған додаға еліміздің 20 өңірінен келген 30 үздік үміткер қатысты. Жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында чемпионатқа мек теп оқушыл ары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, еліміздің барлық аймақтарының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтары, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар қатысты. Бұл біріншілікке облысымыздың алдыңғы қатарлы колледждерінің бірі – Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен 10 студент 8 құзыреттілік бойынша қатысып, оның ішінде 5 студент «Үздік маман» медальон иелері атанып, қабілеттіліктерін көрсетіп қайтты. Соның ішінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 4-курс студенті Бекзат Садуақас (суретте) «Кузовты жөндеу» құзыреттілігі бойынша қатысты. Бұл құзыреттілік бойынша республиканың 14 колледжінің студенттері бақтарын сынады. Жарыс барысында қатысушылар сарапшылар әзірлеген 5 модульдік тапсырманы орындады. Конкурстық тапсырмаларды әлеуметтік әріптестер, тәуелсіз және ұсынылған құзыреттіліктер бойынша сарапшылар бағалады. Қатысушы конкурстық тапсырмаларды өз бетінше орындап, өзінің барлық дағдылары мен қабілеттерін көрсетті. Чемпионаттың соңғы күнінде модуль нәтижелері CIS базасына барлық сарапшылардың қатысуымен енгізілді. Сайыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі қорытындыланып, келесі жылғы конкурстық тапсырмалар талқыланды. «WorldSkills» чемпионаты – елдің өнеркәсібін дамытуға атсалысатын, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің бойына шапшаңдық, ұқыптылық, мұқияттылық қасиеттерін сіңіруге ықпал ететін бірден-бір әлемдік деңгейдегі сайыс. Бұл жарыс білікті мамандарды даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіретін алаңға айналады. Қазақстанда «WorldSkills» қозғалысын дамыту бойынша кешенді жұмыс кәсіби білім берудің өзекті әлемдік трендтерін зерделеуді ескере отырып, кадрларды даярлаудың ұлттық жүйесін бәсекеге қабілетті деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. «WorldSkills» – өскелең ұрпақтың бойында кәсіби дағдыларды ғана емес, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға септігін тигізеді.

Қанатбек МҰРАТАЛИЕВ,

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

«Автомеханика» бөлімінің меңгерушісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар