Жаңалықтар
ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ ІСІ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?
- author AR-AY
- 19 желтоқсан, 2022
- 137
ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ ІСІ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?
ҚР Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығына сәйкес «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия» құрылған болатын. Комиссияның басты міндеті – халықаралық стандарттар мен құндылықтар негізінде саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру, олардың адал және игі есімдерін халық пен ұрпақтарына қайтару.
Мемл ек еттік к омиссияның төрағасы – ҚР Мемлекеттік хатшысы-ның 2020 жылғы 3 желтоқсандағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы №22 қаулысымен консультативтік-кеңесші органдар форматында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия құрылып, топ мүшелері зерттеу жұмыстарымен айналысуда.
Кеше облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия отырысының жұмысымен танысу мәселесі қаралды. Оған облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев және комиссия мүшелері қатысты.
Отырыста облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі кіші жұмысшы топтарының жүргізген зерделеу жұмыстары және негізгі бағыттары» тақырыбында баяндама жасады.
– Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жанынан 4 кіші жұмысшы топ құрылған болатын. Кіші жұмысшы тобы мүшелерімен биыл 3 отырыс өтті. Атқарылған жұмыстар есептері тыңдалып, тапсырмалар беріліп, хаттамаға түсірілді, 2023 жылғы атқаратын жұмыс жоспарының жобасы әзірленді.
Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін жеке күрескен, идеялары үшін мемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды зерттеу кіші жұмысшы тобы 2022 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті архивінің қорларымен жұмыс жүргізіп, 1929-1932 жылдары аралығында Қордай көтерілісіне қатысқан 78 адамның, Сарысу ауданында көтеріліске қатысқан 28 адамның есімін анықтады. Осы көтеріліске әкеліп соққан тарихи оқиға – қазақтың ірі байларын тәркілеу науқаны бойынша 1928- 1933 жылдары мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылған 297 азаматтың тізімі жасақталды. Сондай-ақ ашаршылық құрбандарын жерлеу, көне қорымдар орнын анықтау бойынша жұмысшы топ мүшелері Мойынқұм, Қордай, Меркі, Талас, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында экспедициялық жұмыс жүргізді. 1931- 1933 жылдардағы ашаршылықтан қырылған боздақтардың жерленген жерлерін анықтап, ондағы қорымдар картаға түсірілді. Әскери тұтқындарды ақтау жұмыстары бойынша 1939- 1945 жылдары тұтқынға түскен жамбылдықтар саны – 30 690 жауынгер tutkyn.kz сайты арқылы анықталды. Полиция департаментінің арнайы архивінде жұмыс жүргізген топ мүшелері 130 ақталмаған майд ангер т урал ы мәл іметті нақтылады. Сонымен қатар партизан қозғалысына қатысып, шет жерде қалған жамбылдық әскери тұтқындар саны төртеу болса, «Түркістан легионы» құрамында болған жамбылдық әскери тұтқындар – 13, қылмыстық іске тартылғаны 130 екендігі зерттеу барысында анықталды, – деп, Сара Қабылбекқызы зерттеу жұмыстарының нәтижесінен хабардар етті.
Сонд ай-ақ кіш і жұмысш ы топтың жетекшісі Ш.Мұртаз а атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиев «Жамбыл өңірі нәубет жылдарында: 1929-1933 жылдар», кіші жұмысшы топтың мүшесі, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлы «Тарихтың ақтаңдақ беттері», кіші жұмысшы топтың жетекшісі, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қуаныш Дәуренбеков «Жамбыл облысынд ағы діни орындар мен ашаршылық кезінде құрбан болғандардың жерлеу орындарын анықтау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Кіші жұмысшы топтың жетекшісі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің професс оры, Ж.Баласағұн атындағы Түркістан ө л к есі н і ң та р ихын зе рттеу орталығының жетекшісі Сейдахан Бақторазов «Әулиеата өңірінде жүргізілген кәмпескелеу және күштеп ұжымдастыру науқандары мұрағат құжаттарында», кіші жұмысшы топтың жетекшісі, Тараз қаласы мемлекеттік архивінің директоры Нұрхат Серікбаев «Әулиеата өңіріне күштеп көшірілген халықтар туралы архив құжаттары», кіші жұмысшы топтың жетекшісі, облыстың мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы «Тар қапасқа таңылғандар мен тұтқын азабын татқандар» тақырыбында есеп беріп, табылған құнды мәліметтерімен бөлісті.
Жиын соңында «Жамбыл өңірі: саяси қуғын-сүргін жылдарында» атты жинақтың және «Әулеиата өңіріндегі кәмпескелеу және ұжымдастыру науқандары кезіндегі дүрбелең» атты монографияның тұсауы кесілді.
А.БЕКЕНҚЫЗЫ
Келесі мақала