Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕРДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕРІМІЗ КӨШ ІЛГЕРІ

ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕРДЕГІ  КӨРСЕТКІШТЕРІМІЗ  КӨШ ІЛГЕРІ
ашық дереккөз
ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕРДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕРІМІЗ КӨШ ІЛГЕРІ
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Еліміз шығыста және батыста, солтүстік пен оңтүстікте ірілі ұсақты мемлекеттермен достық, сенімді байланыс орнатып, өзара тиімді экономикалық, әлеуметтік, мәдени келісімді нығайтып келеді. Мемлекетіміздің сыртқы саясатта жүргізген сарабдал саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада қазір берік ұстанымға, жоғары деңгейдегі абыройға ие. Ядролық қарусыздану саласында әлемге көшбасшы ел ретінде танылып, мәдениет, дін және өркениеттер үн қатысуының белсенді модераторына айналды. Халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның көрсеткіштері және инвестициялық климатты жетілдірудегі мәселеде қол жеткен табыстар осыны айғақтайды. Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекелестіктің Жаһандық индексінде Қазақстан Италия, Түркия, Бразилия, Үндістан, Венгрия сияқты елдерді артқа тастап, 50-қатардан 42-қатарға көтерілді. Осы көрсеткіш бойынша ЕАЭО бойынша серіктестерінен де алға шықты. Еліміз тәуелсіздік жылдарында халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналды. Осы қысқа мерзімде Қазақстан өзінің ерекше даму моделін таңдап, әлемдегі бейбітшілік пен бірліктің бірден-бір үлгісі бола білді. Тарихтан бабаларымыздың әр кезеңдерде алыс-жақын елдермен шебер жүргізген дипломатиясы мен ел мүддесін қорғаудағы ерліктерін мақтан тұтамыз. Алайда жас тәуелсіз мемлекет жағдайында, сол мезетте мемлекетіміздің еуразиялық кеңістіктің қақ ортасында және әлемдік державалармен көршілес орналасуына, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы Орталық Азия аймағындағы геосаяси жағдайдың күрделене түсуіне, ел ішіндегі орын алған дағдарыстық қиын жағдайға, өзінің ішкі саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелерінің күрделілігі мен маңыздылығына қарай сыртқы саяси байланысы мен қарым-қатынасын қалыптастыру қажет болды. Еліміз тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде халықаралық қатынастардың жауапты субъектісі ретіндегі беделін бекітті. Бүгінде біз өзекті әлемдік мәселелерді шешу және жаңа әлемдік тәртіпті құру ісіне белсенді қатысып қана қоймай, сол бағыттарда бірқатар бастамалар көтеріп, оның оң шешілуі жолында нәтижелі шаруалар атқарып жатырмыз. Осындай белсенділікпен нәтижелі іс-әрекеттің арқасында Қазақстан халықаралық аренада тұрақтылықтың, мемлекет дамуының қарқынды және өркендеген моделінің бастаушысы ретінде лайықты бағасын алып отыр. Қазақстан іргелес бес елмен 14 мың шақырымнан астам әлемдегі ең ұзақ құрлық шекараларын алғаш рет әлемдік тәжірибеге сай халықаралық шарттармен бекітіп, көршілес және әлемнің жетекші елдерімен достық және өзара пайдалы ынтымақтастық қатынастарын құрды. Қазақстан Еуропалық одақтың берік және жауапты энергетикалық әріптесі болып қалуда. Қазақстан Еуропаға қуат көздерін жеткізуде ОПЕК-ке кірмейтін елдер ішінде Ресей мен Норвегиядан кейін үшінші орын алады. Қазақстанның аймақтағы және әлемдегі саяси, қауіпсіздік, өркениеттік, экономикалық, экологиялық мәселелерге қатысты бастама көтеріп, оны шешу жолында жүргізіп келе жатқан табысты саясаты мен бастамалары әлем елдері тарапынан оң қабылданып, жаһанның жетекші елдерімен стратегиялық әріптестігі жарасып, Қазақстанның экономикалық қуатының қарқынды өсіміне, сыртқы әлеммен сауда-экономикалық, сондай-ақ инвестициялық байланыстарының дамуына негіз болуда. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалық және 2010 жылы Астанада осы ұйымның Саммитін өткізу қазақстандық дипломатияның ең ірі жетістіктерінің бірі болды. ЕҚЫҰ-дағы төрағалық Отанымыздың жылнамасына жарқын тармақ болып мәңгілікке енді, ал Астана саммиті XXI ғасырдың бірінші онжылдығындағы ең ірі халықаралық оқиғалардың біріне айналды. Еліміз ЕҚЫҰ-ның құлдырап бара жатқан қызметін жаңа сатыға көтерді. Қазақстан ЕҚЫҰ-да посткеңестік елдердің ішінен және Орталық Азия республикалары арасынан алғаш төраға болды. Ұйымның жұмысын жетілдіріп қана қоймай, оның және мүше мемлекеттердің назарын аймақ мәселелеріне бұрып, өңірде көптен бері қордаланып қалған, күрмеуі қиын, барлығына ортақ сұрақтарды шешуге бұрғаны белгілі. Қазақстанның 2010-2011 жылдардағы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы табысты болды. 2011 жылғы 15 маусымда Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысы елімізді шырқау биікке көтерді. Саммит қорытындылары сыртқы саясаттың жаһандық және өңірлік мәселелерін шешудегі Қазақстаның рөлі мен орнын одан әрі жоғарылата түсті. 2011 жылғы Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы төрағалығы аса үлкен табыспен өткені баршамызға белгілі. Қазақстан ұйымның жұмысына жаңа серпін беріп, ЕҚЫҰ-дағы табысты төрағалығының жеңістерін пайдалана отырып, ислам әлемі елдеріндегі қордаланған мәселелерді орнынан қозғауға барынша атсалысқаны белгілі. Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайын шақыру туралы бастамасы халықаралық қақтығыстарды шешу және қазіргі кездегі қатерлерге қарсы тұру үшін әлемдік діндердің рухани және адамгершілік әлеуетін біріктірудегі мемлекетіміздің нақты үлесіне айналды. Елімізде осыған дейін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бес құрылтайы болып өтті. Қазақстанның сыртқы саясатында түркі әлемі халықтарының рухани мұрасын біріктіру және қайта құру мәселесіне елеулі мән берілуде. 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) қол қойылған түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін (ТМЫК) құру туралы бастама көтерушілердің бірі де Қазақстан болды. Еліміз аз ғана жылдың ішінде халықаралық деңгейде беделге ие өзге алпауыт елдермен иық түйістіре алатын мемлекет дәрежесіне көтерілді. Бұған осы елде тұрып жатқан барлық азаматтардың тату-тәтті ауызбіршілігі мен достығы дәлел.

Бақыт ӘЛМҰРАТОВ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, магистр

     
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар