Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР БЕРІЛДІ

ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР БЕРІЛДІ
ашық дереккөз
ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР БЕРІЛДІ
Кеше Тараз қаласындағы «Жастар» аллеясында «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында ауылшаруашылығы кооперативтеріне жаңа техникалар тапсырылды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов көпшіліктің қуанышымен бөлісіп, жобаның оң нәтижелеріне қысқаша тоқталып өтті. – Өздеріңіз жақсы білесіздер, облысымызда 2019 жылдан бері пилоттық режимде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы басталған болатын. Жоба жүзеге асқалы да үш жылдан асты. Енді пилоттық жоба деп айта алмаймыз. Себебі бүгінгі күнге дейін 24 ауылдық округ тұрғындарына жеңілдетілген несие беріліп, табысын арттырып, тұрмысын жақсартуға мүмкіндік берілді. Бір сөзбен айтқанда, аз уақытта жоба тиімділігін толықтай дәлелдеді. Биыл жобаның жалғасы ретінде өткен жылы қайтарылған несиелердің есебінен Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарынан 3 ауылдық округте 253 жоба іске асырылды. Сондай-ақ 177,5 миллион теңгені құрайтын 28 ауылшаруашылық техникасы лизингпен берілді. Одан бөлек өңіріміздегі 26 072 тұрғынды қамтитын тағы 10 ауылдық округте пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бүгін 10 ауылдық округте құрылған кооперативтерге ауылшаруашылық техникаларын табыстағалы отырмыз. Айта кетейік, техника құнының 50 пайызы Үкімет тарапынан субсидияланады. Бұл шаруалар үшін үлкен көмек. Бірнеше айдан кейін көктемгі дала жұмыстары басталады. Сондықтан ел ырысын еселеу бағытында қолға алған жұмыстарыңызға табыс тілеймін! – деген Нұржан Молдиярұлы кооператив төрағаларына «Ловол», «Зумлион», «Юто», «МТЗ» маркалы 18 және Меркі, Жуалы, Жамбыл аудандарының шаруаларына жеңілдетілген лизингпен берілген 6 техниканың кілтін табыстады. Жалпы облысымызда 12 316 ауылшаруашылық техникасы тіркелген. Оның ішінде 4 564 трактордың 1 мыңнан астамының пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан. Яғни 25 пайызының тозығы жеткен. Ал 10 жылға дейінгі қолданыстағы техника саны – 1 534 (34 пайыз). Осыған орай биыл обл ыстағы техникаларды жаңарту мақсатында 1 355 ауылшаруашылық техникасы алынып, 11 пайызға жаңартылған. Инвестициялық субсидия арқылы 1 848 миллион теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, алынған техника құнының 25-30 пайызы төленіп берілген.

Талғат БЕРІКБАЙҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар