Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Гүлмира Сатыбалды ісі: кәсіпорындар үлесін заңсыз иемдену, адам ұрлау бойынша тергеу аяқталды

Гүлмира Сатыбалды ісі: кәсіпорындар үлесін заңсыз иемдену, адам ұрлау бойынша тергеу аяқталды
ашық дереккөз
Гүлмира Сатыбалды ісі: кәсіпорындар үлесін заңсыз иемдену, адам ұрлау бойынша тергеу аяқталды
Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі дерек бойынша тергеуді аяқтады. Антикор мәліметінше, жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады.
"Биыл 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді. Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары нысандарды салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктеледі", - делінген хабарламада.
Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелгені айтылды.
"Осы факт бойынша да соталды тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді. Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр", - делінген Антикор хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. 17 наурызда Гүлмира Сатыбалды ұсталғаны белгілі болды. 18 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша соталды тергеуді бастағаны туралы хабарланды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар