Каратэден Азия чемпионаты жеңіспен басталды
Ташкентте өтіп жатқан WKF каратэден Азия чемпионатында маңғыстаулық спортшылар Азия чемпионы атанды.
Доданың алғашқы күндерінде ұлттық құрамада өнер көрсеткен маңғыстаулық спортшылар Тәуелсіздік күніне тарту жасап, ел қоржынына 4 жүлделі орын салды.
Атап айтқанда, Асқарбек Фаутсафар 14-15 жас (-57 кг), Айшабибі Шарахан (+59 кг), 14-15 жас және Олжас Алтынбек (-60 кг) U21 бойынша Азия чемпионы атанды. Ал, Нұрсұлтан Нұрғалиев, 14-15 жас (+70 кг,) қола жүлдеге ие болды.
Алғашқы күннен бастап біздің ұлттық құрама жалпы есепте көштің басына шықты. 20 желтоқсанға дейін созылатын бәсекеге сары құрлықтағы 28 елден 700-ден астам үздік каратэшісі жиналған. Ал еліміздің намысын барлық жас санатын қосқанда 61 спортшы қорғауда. Олардың бәрі кумите бағдарламасында сынға түседі.