Аргентина құрамасы — үш дүркін әлем чемпионы
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Франция мен Аргентина құрамасы кездесті.
Ақтық кездесу 3:3 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Аргентина құрамасы жеңіске жетті.
Аргентина бірінші таймда 2 гол соғып, 80-минутқа дейін осы есепті ұстап тұрған. Бірақ 80, 81-минутта Киллиан Мбаппе қос гол соғып, есепті теңестірді.
Ойынға қосылған қосымша уақытта қос құрама тағы бір-бір голдан соқты.
Ал пенальти сериясында Аргентинаның жолы болды. Сериядағы есеп - 4:2.
Келесі мақала
Каратэден Азия чемпионаты жеңіспен басталды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Милан–Кортина Олимпиадасына дайындық: қысқы спорт қалай дамып жатыр?
- авторAR-AY
- 15 қаңтар, 2026




