Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АҚШ-ТЫҢ ФИЛАДЕЛЬФИЯ ҚАЛАСЫНДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТУЫМЫЗ КӨТЕРІЛДІ

АҚШ-ТЫҢ ФИЛАДЕЛЬФИЯ ҚАЛАСЫНДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТУЫМЫЗ КӨТЕРІЛДІ
ашық дереккөз
АҚШ-ТЫҢ ФИЛАДЕЛЬФИЯ ҚАЛАСЫНДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТУЫМЫЗ КӨТЕРІЛДІ
Қазақстан тәуелсіздігі күні әлемнің әр жерінде аталып өтіп жатыр. Қазақстан тәуелсіздігі күні әлемнің әр жерінде аталып өтіп жатыр. АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы қазақстандықтар да кең көлемде мерекелік шара ұйымдастырды. Көк байрақты желбіретіп, қала көшелерімен автошеру жүріп өтті. Шаһар орталығында ән ұран шырқалып, салтанатты түрде туымыз көтерілді. Қастерлі мерекеде Қазақстан туы Пенсильвания штаты, Филадельфия қаласында осымен екінші рет көтерілді. Былтыр да мұнда тұрып жатқан отандастырымыз егемендік күнін ерекше атап өткен еді. Салтанатты шарада Нью-Йорктегі Бас Консул Раушан Кәкімсейітова Қазақстан мен АҚШ арасындағы берік дипломатиялық байланысты атап өтті. Тәуелсіздігімді алғаш болып мойындаған елдің бірі Америка Құрама Штаттары болғанын еске салды. Одан кейін Филадельфия мэрінің өкілі Шейла Хэс қала басшысының арнайы құттықтауын оқып берді.  Филадельфия мэрінің кеңесшісі мен өкіліне Америкадаға қазақтар шапан жауып ілтипат білдірді. Бұл осындағы отандастарымыздың жергілікті билікке деген құрметі. Содан кейін жас дизайнер Айдана Омарованың қазақы нақыштағы киім үлгілері көрсетілді. Дэвид Оу, Филадельфия қаласы мэрінің кеңесшісі: - Мен ұлттық киімдердегі өрнектерден-ақ қазақ халқы еркіндікті сүйетін ұлт екенін байқадым. Филадельфиядағы қазақтар қауымдастығы жыл сайын өсіп келеді, осы қаланың дамуына өз үлестерін жақсы қосып жатыр. Бұған дейін отандық дизайнердің бұл туындыларын Маямидегі жұртшылық тамашаласа, енді Флорида тұрғындарына таныстырды. Жас сәнгер ұлттық киімге деген шет елдіктердің қызығушылығы қашан да жоғары екенін айтады. Айдана Омарова, дизайнер: - Шет елде біздің киімдерді өте жақсы қабылдайды. Себебі біздің оюларымыз өте әдемі, көрнекі, тарихы бар. АҚШ елінде өте жақсы қабылдап жатыр. Брайан Картер, Филадельфия қаласының тұрғыны: - Мен қазақ мәдениетін бірден ұнатып қалдым. Түрлі түстерді қамтыған ұлттық киімдер бірден ерекше көрінеді. Осындай шара арқылы сіздер өз құндылықтарыңызды насихаттап жатырсыздар. Ұлттық аспаптар үнін де бірінші рет естідім. Қазір АҚШ-тың біраз бөлігінде күн райы жаңбырлы. Пенсильвания штатында да ақ жауын құйып тұр. Соған қарамастан тәуелсіздік күніне арналған шара жоғары деңгейде өтті. Филадельфияда тұратын қазақтандықтар көк байрағымызды желбіретіп, автокөліктерімен шеру ұйымдастырды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар