Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр

Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр
ашық дереккөз
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр
Жыл басынан облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр. Жалпы 11 айдың көлемінде руспублика бойынша біздің облыс бестікке кіреді,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткенде брифингте. Атап айтқанда, биылғы жылдың 1 жартыжылдығында жалпы өңірлік өнім 1057,4 миллиард теңге, 103,1 пайызды, экономикалық өсім 105,7 құраған. Сонымен бірге, өнеркәсіп – 110,6 пайыз, ауыл шаруашылығы – 106,1 пайыз, инвестиция – 103,5 пайыз, құрылыс – 101,6 пайыз, тұрғын үй көлемі – 100 пайыз, сауда – 104,1 пайыз, көлік – 101,0 пайыз, байланыс - 101,9 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Инфляция деңгейі жыл басынан 117,5 пайызды құрапты. Бірақ бұл республикалық көрсеткіштен едәуір төмен екенін айтады облыс әкімінің орынбасары. Республика бойынша инфляция деңгейі 118,9 пайыз болып қалыптасқан. Өзіндік кірістер жергілікті бюджетті 108,2 миллиард теңгеге қамтамасыз еткен. Жоспар 112,9 пайызға орындалып, бюджет қаражаттарының игерілуі 97,5 пайызға орындалыпты. Ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында 2019 жылдан бастап елімізде «Ауыл-Ел бесігі» жобасы іске асырылып жатқаны белгілі. Аталмыш жоба аясында 3 жылда 93 ауылда 332 жоба қаржыландырылған. Нәтижесінде, 30 білім нысаны (6 құрылыс), 23 спорт (16 құрылыс), 23 мәдениет (6 құрылыс), 10 денсаулық сақтау нысаны (3 құрылыс), 37 тұрғын үй коммуналдық шашруашылық нысандары жөнделіп, құрылысы жүргізілсе, 332,4 шақырымды құрайтын 209 ауылішілік көшелері жөнделіп, 3 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен, көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 63,3 пайызды құрады. Бүгінгі күні жоба аясында іске асырылып жатқан 149 жобаның 98-інде жұмыстар толық аяқталып, пайдалауға берілді, жыл соңына дейін тағы 33 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Ал, 18 жобаның құрылысы келесі жылға өтпелі. Ал алдағы жылға 79 ауылда 9,6 миллиард теңгені құрайтын 250 жобаны іске асыру жоспарлануда. Әлеуметтік көрсеткіштерге тоқталған Нұржан Сәбитұлы, облыс әкімінің «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құруға» қатысты берген тапсырмасына сәйкес биылға жоспар - 6,2 мың орын болып белгіленсе, тек 11 айдың қорытындысымен жоспар 2 есеге асыра орындалып, 12,5 мың жаңа жұмыс орны ашылғанын хабарлады. Бұдан бөлек, 68,8 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылса, оның ішінде 27,2 мыңы жастар екенін атап өтті. Осы жылы 8,6 миллиард теңгеге 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, 474,7 миллион теңгеге 8 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозуы - 52,4 пайыздан 38,8 пайызға дейін төмендеген. Медициналық техникамен жабдықтау деңгейі – 87,5 пайызға кеміп, осы мақсатта жергілікті бюджеттен бөлінген 2,7 миллиард теңгеге қажетті медициналық құралдар, 12 санитарлық автокөлік алынып, жабдықтау деңгейі 90,9 пайызға жеткен. Бұдан соң, Нұржан Календеров 2023 жылға арналған облыстық бюджет кірістеріне тоқталды. Алдағы жылға облыстық бюджет кірісі 507,8 миллиард теңге сомасында жоспарланды, бұл 2022 жылғы нақтыланған сомадан 49,1 миллиард теңгеге немесе 10,7 пайызға артық. Өзіндік кірістер бойынша жоспар 53,2 миллиард теңге сомасында жоспарланып, 2022 жылғы нақтыланған сомадан 1,0 миллиард теңгеге немесе 2 пайызға артық қарастырылды. Оның ішінде: салықтық түсімдер 49,2 миллиард теңге, салықтық емес түсімдер 3,9 миллиард теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 20,0 миллион теңге сомасында күтіледі. Жергілікті атқарушы органдар атқарған жұмыстар нәтижесінде 2023 жылы Жамбыл облысына республикалық бюджеттен 454,7 миллиард теңге сомасында қаржы бөлу қарастырылған, бұл 2022 жылғы нақтыланған сомадан 48,1 миллиард теңгеге немесе 11,8 пайызға артық. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді ескермегенде облыстық бюджеттен 267,5 миллиард теңге сомасында шығындар жоспарланды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 20,8 миллиард теңгеге немесе 8,4 пайызға артық. Жыл соңына дейін мемлекеттің қолдауы арқасында барлық жоспарларымызды орындап, белгіленген көрсеткіштерге жетеміз,-деді баяндамашы. Сонымен бірге 2022 жыл қорытындысымен өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 10 пайызғаға (849,7 миллиард теңге), ауыл шаруашылығы – 8 пайызға (610,7 миллиард теңге), құрылыс – 0,4 пайызға (225,9 миллиард теңге), пайдалануға берілген тұрғын үй – 0,9 пайызға (689,0 мың шм), негізгі капиталға салынған инвестиция 0,1 пайызға (416,9 миллиард теңге), сауда – 4,3 пайызға (768,7 миллиард теңге), көлік – 1,5 пайызға (600,1 миллиард теңге), байланыс – 2 пайызға (8,6 миллиард теңгеге) артады деп күтілетінін, бұл халықтың тұрмыс-жағдайын одан әрі жақсартып, өңірдің экономикалық жағдайын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Баяндамашы брифинг соңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар