Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы 2-орынға көтерілді

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы 2-орынға көтерілді
ашық дереккөз
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы 2-орынға көтерілді
Хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық жастар бүгін Словения құрамасымен кездесті. Ел құрамасынан Роман Ермак 1, 24, Данииил Цыбин 17, Всеволод Логвин 47-минуттарда мергендік танытты. Оған словениялық хоккейшілер екі голмен жауап қайырды. Осылайша қазақстандық жастар қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті. Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионның А тобында сынға түсуде. Қарсыластары - Норвегия, Франция, Словения, Дания және Венгрия құрамалары. Енді қазақстандық хоккейшілер 18 желтоқсанда Норвегия құрамаларымен шеберлік байқасады. Еске салсақ, бұдан бұрын Францияға есе жіберіп, одан кейін Венгрия, Дания құрамаларын жеңді. Аталған жеңісінен кейін қазақстандық хоккейшілер турнир кестесінде тоғыз ұпаймен екінші орынға көтерілді. Бірінші орында үш ойыннан кейін тоғыз ұпай жинаған Норвегия жастары келеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар