Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Жамбылда жаңа кітаптың тұсауы кесілді
ашық дереккөз
Жамбылда жаңа кітаптың тұсауы кесілді
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде комиссияның және кіші жұмысшы топтардың 2022 жылы атқарған жұмыстары қаралды.
Алғашқы болып сөз алған облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары С. Мадиева кіші жұмысшы топтардың жүргізген зерделеу жұмыстары және негізгі бағыттары туралы айтып өтті. Ш.Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" орталығының директоры, Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін жеке күрескен адамдардың, сондай-ақ осы идеялар үшін адамдардың саяси баяндамаларына қатысушылардың (адамдар тобының), қоғамдық және саяси ұйымдардың, сондай-ақ қызметтік, ғылыми, мәдени және басқа салалардағы идеялар үшін мемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың толық құқықтық және саяси ақталуына арналған пікірлер мен ұсыныстарды дайындау жөніндегі кіші жұмысшы топтың жетекшісі С. Қалиевтың өз баяндамасында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті архивінің қорларымен жұмыс жүргізгендігі туралы баяндады. Соның Нәтижесінде 1929-1932 жылдар аралығында болған Қордай көтерілісіне қатысқан 78 адамның, Сарысу ауданында орын алған көтеріліске қатысқан 28 адамның есімі мен деректері анықталған. Сонымен қатар, кіші жұмысшы топтардың жетекшілері мен мүшелері К. Сәттібайұлы, А. Қартабаева, С. Бақторазов өз бағыттары бойынша баяндама жасады. Жиын соңында "Жамбыл өңірі: саяси қуғын-сүргін жылдарында" атты жинақтың және "Әулеиата өңіріндегі кәмпескелеу және ұжымдастыру науқандары кезіндегі дүрбелең" атты монографияның тұсаукесер рәсімі өтті.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар