Жаңалықтар
Министр 2037 жылға дейін жылу желілерін жаңартатынын айтты
- author AR-AY
- 14 желтоқсан, 2022
- 206
Министр 2037 жылға дейін жылу желілерін жаңартатынын айтты
2023 - 2037 жылдар аралығында жылу желілерін кезең-кезеңмен жаңғырту жүргізілетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Бірінші кезеңде, яғни 2023 жылдан 2030 жылға дейін ұзындығы 1,6 мың шақырым жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр, бұл тозу деңгейі 75 пайыздан астам желілер, – деді Өскенбаев.
Министрдің сөзінше, бұған тартылатын инвестиция көлемі – 538 млрд теңге.
Екінші кезеңде, 2030-2037 жылдар аралығында тозу деңгейі 50 пайыздан 74 пайызға дейінгі жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр. Мұндай желілердің ұзындығы – 3,7 мың шақырым. Тозуы 50 пайыздан төмен желілерді табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары шеңберінде ауыстыру ұсынылады. Қазіргі таңда ең алдымен жергілікті атқарушы органдар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, уәкілетті органның қарауына бюджеттік өтінімді енгізе отырып, жылу желілерінің жай-күйіне техникалық тексеру жүргізуі қажет, – деді министр.