АМАНАТҚА БЕРІК БОЛАЙЫҚ!
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ!
Аманат сөзі уақытша берілген нәрсеге иелік етіп, қызғыштай қорып, өзінің негізгі иесіне қайтаруды білдіреді. Аманат – адамның бойындағы ең асыл қасиет.
Шариғатта аманат деп сенімді адамға өзгенің уақытша сақтауға берген бағалы заттары мен қалдырған мүлікке айтылады. Аманатқа ешқандай зиян тигізбей, дәл сол күйінде иесіне қайтару – міндет һәм сауапты іс.
Бұл жайында Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға және Пайғамбарға опасыздық жасамаңдар. Егер ол ай істесеңд ер, араларыңдағы аманаттарыңа да біліп тұрып қиянат жасайтын боласыңдар», деген («Әнфал» сүресі, 27-аят).
АМАНАТ – АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ АСЫЛ ҚАСИЕТІ
Аманатшылдық Әз из Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бойында күндей жарқырап көрінген асыл қасиет. Дүние есігін ашқаннан, ғұмырының соңғы сәтіне дейін оның мүбәрак аузынан жалған сөз шықпаған. Пайғамбарлық келмей тұрып, Құрайыш халқы оны «Әмин» деп таныды. Оның әрбір сөзі мен ісі шынайылыққа толы болды. Тіпті пайғамбарлық берілгеннен к ейін де мүшриктер өз дүниелерін оған сеніп тапсыратын. Мүшриктер қауымы хақты мойындамаса да Әзиз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) аманатшылдығын мойындап, оның осы асыл қасиетіне ешкімді ортақ етпейтін.
КІЛТ АМАНАТЫ
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында қажылықтың әр рәсімі құрайыштықтардың белгілі бір топтарының қол астында болатын. Бір топтан басқасының барлығы бұл құзырдан айырылып қалады. Мекке алынғаннан кейін Алла елшісі (с.ғ.с.) кілтті өзіне алып қалудың орнына Бани Шәйба әулетінен шыққан Осман ибн Талхаға ұсынады. Бұл әулет көптеген жылдар бойы Қағбаның қорғаушысы болып келген. Пайғамбарымыз кілтті ұсынған кезде «Уа, Бани Талха! Бұны ал, әділетсіз, зұлым басшы к елмесе, Қиямет күнге дейін сендер оны иелік етесіңдер», деп, қасиетті Қағбаның кілтінің иесін тағайындап, аманаттап кетеді.
Міне, қазіргі күнге дейін халифтар, сұлтандар мен патшалар сияқты жоғары лауазымды тұлғалар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөзіне мойынсынып, Қағбаға кіру үшін осы мекк елік қарапайым жанұядан рұқсат сұрайды.
ДІН – АМАНАТ
Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Расында, біз аманатты жеті қат көкке, жерге және таул арға (мойындарыңа алыңдар деп) ұсындық. Алайда олар оны мойындарына алудан қашты, оның ауыр жауапкершілігінен қорықты. Сөйтіп, оны адам баласы өз мойнына алды. Шүбәсіз, адам баласы тым залым (яғни әділдікке қас, қателікке, күнәға жақын һәм жауапсыз келеді) әрі өте надан (ақиқаттан бейхабар, ғапыл, парықсыз һәм нәпсісіне ергіш) келеді», дейді («Ахзаб» сүресі, 72-аят).
Аяттың тәпсіріне үңілетін болсақ, ғалымдар Құранның осы аятында аманат сөзінің бірнеше мағынасы бар екендігін айтады.
Фахруддин Рази: «Аяттағы аманат сөзінің мағынасы «тәк лиф», яғни адамға жүктелетін дін аманаты. Оның қоршаған табиғатқа еш қатысы жоқ. Себебі көктер мен жерге һәм тауларға дін міндеттері жүктелмейді. Олар Құдайдың әу баста жаратқаны бойынша өз қызметтерін атқарып келеді. Тіпті періштелер де құлшылығы үшін сұралмайды. Өйткені олардың Құдайға құлшылық жасауы біздің ішіп-жеуіміз сияқты нәрсе. Жаратушыны ертелі-кеш зікір етіп, құлшылықтан бір сәтке де босамайды. Дін – аманат. Ұстансаң қасиеті жұғады, ұстанбасаң кесірі тиеді», дейді (Фхруддин Рази, Мафатих ғайып).
Тәклиф – дін аманаты. Балиғат жасына жеткен адамды «мүкәллаф» дейді. Яғни дін аманаты жүктелген мұсылман. Ақиқатында әрбір діни жоралғыда, міндет болған істерде адамның дүниесі мен ақыреті үшін көпе-көрінеу пайдалар жатыр. Балаға кішкентайынан соларды үйретпек – мұсылманның борышы.
Сон ымен қатар Расулулла (с.ғ.с.) қоштасу құтпасында: «Сендерге екі үлкен аманат қалдырып ба рамын , он ы мықтап ұстасаңдар жолдарыңнан мүлде адаспайсыңдар. Ол – Алланың кітабы Құран және Елшісінің сүннеті», деген (Хаким). Сондықтан дініміздің қайнар бұлағы Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың сүннеті бізге қалдырған ең үлкен аманаты.
ОТБАСЫ – АМАНАТ
Әр отбасының іргесі мықты болып, түтіні түзу шығуы үшін отбасындағы ер мен әйелдің өзіне жүктелген міндеттерге, отбасылық әдептерге мән бергені дұрыс. Сонда ғана ол шаңырақта сыйластық пен сүйіспеншілік орнайды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хад исінд е: «Әйелд ер – сендерге берілген Алла Тағаланың аманаты», деп (Ибн Жәрир), ер азаматтың әйелін сырт көзден қорғап, қажеттілігін өтеп, өзімен бірге жаннатқа жетелеуін жеткізген.
ОТАН – АМАНАТ
Асыл дініміз исламда бес нәрсені – Отаныңды, дініңді, ар-намысыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай қорғауды міндеттейді.
Сондықтан туған жеріміздің қадірін біліп, өз Отанымызды жақсы көріп, оған қиянат жасамауымыз керек.
ЖАСТЫҚ ШАҚ – АМАНАТ
Ж астық шақ – әрбір адамның өміріндегі ең бақытты кезеңі. Өйткені бұл балғын к езеңді асуларды алып, белестерді бағындыратын мүмкіндік деп білген жөн. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепк е тартылмайынша бі р ад ым о р н ын а н тапжылмайды», деген.
ЖАНЫМЫЗ ДА, ТӘНІМІЗ ДЕ – АМАНАТ
Адам баласына берілген өмір де – аманат. Сондықтан дінімізде өз-өзіне қол жұмсауға қатаң тыйым салынған.
Адам баласына берілген тән де Алланың сансыз нығметтері. Тәнімізді де түрлі жамандықтан, зиян істерден қорғау да – аманат.
Яғни әрбір мүше бізге берілген аманат. Бүкіл денені бір мүше етіп қарамай, әр мүшені жеке аманат етіп берген. Көз – жақсы нәрсені көруге, құлақ – жақсыны естуге, тіл – дұрыс сөйлеуге қажет дегендей, он екі мүшеміз бен шаштың әрбір қылы да аманат екенін ұғынуымыз қажет. Осы аманаттарды Алланың разылығынан басқа жолға жұмсау – аманатқа қиянат саналады.
Қорыта айтқанда, аманат әрбір пенде үшін қастерлі ұғым болуы тиіс. Өйткені әрбір күніміз, уақытымыз, қысқасы ғұмырымыз біздерге берілген уақытша аманат. Халқымыз аманатты орындауға үлкен мән беріп, оны орындап болғанша өзіне қарыз санаған. Сол себепті: «Біреуден алған аманат, берсең жақсы – саламат», деген.
Жаратқан Алла аманатқа қиянат жасамайтын, Өзінің сүйікті құлдарынан болуымызды нәсіп етсін. Әмин!
Жұма уағызын жүргізген
облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы
Ғалымбек ЖӘПЕК
Келесі мақала