Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ДАМУ ФОРМУЛАСЫ

ДАМУ ФОРМУЛАСЫ
ашық дереккөз
ДАМУ ФОРМУЛАСЫ
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы Семей полигонын жауып, ядролық қарудан бас тарту, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру, мемлекеттердің Еуразиялық одағын құру, «Шанхай бестігінің» қызметін жалғастыру, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу секілді әлемдік саясатта адамзат үшін маңызды іргелі істердің ұйытқысы болғаны белгілі. Сондай-ақ әлемдік экологиялық мәселелер тізімін құру, Бірыңғай экономикалық кеңістік құру мен Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы және тағы да басқа елімізді жаһанға танытқан батыл бастамалары жайлы бүгінде аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Әлі де айтылып, жазыла бермек. Себебі Қазақстанның көтерген және жүзеге асырған әлем үшін маңызды түрлі бастамалары ешқашан мән-маңызын жоймақ емес. Еліміздің игі бастамалары хақында сөз қозғағанда, игілігі мол болған «G-GLOBAL» идеясын ұмыт қалдыруға болмайды. Идея жайлы сөз қозғамас бұрын, өткенге сәл шегініс жасап, «Бастама қалай дүниеге келді?» деген сұраққа жауап іздеп көрсек. Ендеше оқырманға түсінікті болуы үшін ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-GLOBAL»: XXI ғасыр әлемі» кітабынан үзінді келтіргенді жөн көріп отырмыз. «2012 жылғы 24 мамырда мен V Астана экономикалық форумына келген әлемдік атақ-абыройы бар беделді экономист-ғалымдардың бір тобымен кездестім. Оған қатысушылардың арасында «Нобель» сыйлығының лауреаттары Роберт Манделл, Эдвард Прескотт, Джон Нэш, Эрик Маскин, Роберт Ауманн, Финн Кидланд, Кристофер Писсаридес, Мюррей ГеллМанн, Ада Цокат, Ричард Джон Робертс, Кэрри Бенкс Муллис болды. Əңгіме барысында 2009 жылдан бері жаһандық дағдарыстың күрделі жағдайында келе жатқан дүниежүзілік экономиканың хал-ахуалы сөз болды. Оның қарсаңында Астана экономикалық форумының пленарлық мәжілісінде сөйлеген сөзімде мен жаһандық рыноктардағы дағдарыс жағдайының жан-жақты бағасын беріп, ғаламдық проблемаларды жаңа, әлдеқайда кең ауқымда шешу қажет дейтін ой дамытқан болатынмын. Менің сұхбаттастарым қазір дүниеде әлем сипатын жасаудың дұрыс, толерантты байыптамасының көпе-көрінеу тапшылығы байқалатынын баса айтты. Планетамыз өз інің технол огиял ық д ам уынд а шарықтап алға кетті, ал дүниежүзілік экономиканы, халықаралық қатынастарды басқарудың көптеген қағидаттары мен әдістері елеулі түрде кенжелеп, бұрынғы өткеннің мұрасындағы іліп аларлығы жоқ қалдықтарды малданумен келеді. Мемлекеттер арасындағы сенімнің жетіспеушілігі жаһандық экономикалық д ағд арысты ең серуд ің сайма-сай шешімдерін қабылдауға кедергі болуда. Ғалымдар ХХІ ғасырда әлем сипатын жасау жөніндегі менің идеямды қабылдады, мен оны «G-GLOBAL» деп атауды ұсындым. Бұл бастаманы дүниежүзіндегі әртүрлі елдердің V Астана экономикалық форумына жиналған ғылыми және саяси элитасы мақұлдады. Ал бір аптадан соң «G-GLOBAL»-дың рухани-адамгершілік қырларын 2012 жылғы мамырдың соңғы күндерінде Астанада өткен басқа бір беделді халықаралық форумға – Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне қатысушылар талқылады», деп жазады. Оған дейін де түрлі жаһандық бастамаларымен әлем назарын аудартқан Қазақстанның «G-GLOBAL» идеясы да шет мемлекеттердің ғалымдары мен саясаткерлерінің ықыласына бөленеді. Нұрсұлтан Əбішұлының атына жазылған хаттарда мәселенің дер к езінде көтерілгендігі атап көрсетіледі. Мәселен, бүкіләлемдік инновациялық қордың президенті Дэвид Стюарт Хиллдің пікірінше, «Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы – бұл тек саналы қадам ғана емес, сонымен қатар болашақты стратегиялық көру. Оның дәлелдері мен қорытындыларын көптеген саяси басшылар назарға алулары қажет. Ол әлемдік жағдайды толық көріп отыр...». Ал Канаданың экс-премьері Жан Кретьен: «Мен Қазақстанды жақсы білемін, Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығымды мақтан тұтамын. Бүгінгі күні сіздің ел барлық әлемге әйгілі, осының бәрі Қазақстан Президентінің халықаралық беделінің арқасында. Оның бастамалары, әсіресе, «G-GLOBAL»-дың әлемдік экономика үшін үлкен маңызы бар», деген екен. Осылайша ә дегеннен-ақ көптеген мемлекет басшыларының, алдыңғы қатарлы халықаралық даму институттарының сарапшылары, сондай-ақ Еуразияның аса ірі корпорацияларының басшыларының қолдауына ие болған идея ұстанымдары 2012 жылғы 23 мамырда өткен V Астана экономикалық форумында тұжырымдалады. Нұрсұлтан Əбішұлы әлемнің таңдаулы іскер топтарының алдында сөз сөйлеп, «G-GLOBAL»-дың бес принципі – Ұлы дүниенің бес принципі ретінде ұсынды. Атап өтер болсақ, бірінші принцип – революция емес, эволюция, екінші – әділдік, теңдік, пәтуа. Үшінші – «жаһандық төзімділік пен сенім». Төртінші – «жаһандық ашықтық». Бесінші – «сындарлы көпкіндіктілік». «G-GLOBAL» жобасы ұсынылған V Астана экономикалық форумында Нұрсұлтан Əбішұлы Астанада әлемдік дағдарысқа қарсы жоспарын жасау үшін Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өткізу қажеттілігі туралы ойын ортаға салады. Сөйтіп, 2012 жылдың 21 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен Астана қаласында Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өткізу туралы ұсынысты БҰҰ-ға қатысушы барлық 193 ел қолдайды. Сөйтіп, жобаның әлеуеті әлемдік қоғамдастықтың қолдауының арқасында арта түсіп, н әтижесінд е Астана эк ономик алық форумының ресми сайтында құрылған сұхбат алаңына қатысушылар саны бірнеше айдың ішінде 40 есеге өседі. 140-тан астам елден 30 мыңнан астам пайдаланушы тіркеледі. «G-GLOBAL» сұхбат алаңы – әлемдік қаржы дағдарысынан шығу тетіктерін құру және талқылауға бағытталған халықаралық виртуалды жоба. Жоба арқылы барлық мемлекеттерді, әлемдік саясаттың мемлекетаралық және үкіметтік емес субъектілерін, сондай-ақ жекелеген саясаткерлерді, қоғам қайраткерлерін, сарапш ыл ар мен ғал ымд ард ы ынтымақтасуға шақыру. Сондай-ақ жоба ұлттық экономиканың дамуына, әлемдік экономиканың реформалануына, қала берді жаһандық деңгейдегі дағдарысқа қарсы күрес тетіктерінің жасалуына қызығушылық білдіретін барлық әлеуметтік топ өкілдеріне арналған. Бүгінгі таңда мамандардың айтуынша, сұхбат алаңы 200-ге жуық елдегі жүз мыңдаған пайдаланушының басын қосқан. Бүгінге дейін «G-GLOBAL» кез келген интернет пайдаланушының түрлі зияткерлік жұмыстарға, атап айтқанда, сараптамалық шолуларға, пікір таластарға, бизнес жобалар мен сауалнамаларға қатысуына мүмкіндік беретін жаңа формат ретінде әйгіленді. ...Нұрсұлтан Əбішұлы жоғарыда аталған еңбегін қорытындылай келе: «G-GLOBAL» қағидаттарына құрылған болашақ дүниені менің пайымдауым Қазақстан үшін әлдебір біржақты артықшылықты көздемейді. Бұл – менің елімнің болашағы бүкіл дүниенің болашағынан ажырағысыз болатын даму формуласының бейнеленуі. Қазақстанның дүние істеріне белсеніп жаһандық қатысуы мен менің «G-GLOBAL» бастамамның мәнісі осында. Мен оның саясаткерлер арасынан ғана емес, дүниедегі әралуан елдердің қалың жұртшылығы арасынан да өз жақтастарын табатынына кәміл сенімдімін», деп ой түйеді. Шын мәнісініде, «G-GLOBAL» бастамасы Нұрсұлтан Əбішұлы айтқандай, даму мен ілгерілеудің формуласына айналды. Солай болып қала бермек. Бастама қанша жыл өтсе де өзінің өміршеңдігін жоймақ емес.

Талғат НҰРХАНОВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар