Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІ КӨЛІК АҢДУҒА ҚАЙТА КІРІСКЕН БЕ?

ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІ КӨЛІК АҢДУҒА ҚАЙТА КІРІСКЕН БЕ?
ашық дереккөз
ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІ КӨЛІК АҢДУҒА ҚАЙТА КІРІСКЕН БЕ?
Тараздың орталық алаңындағы ғимараттар ансамблі ретімен орналасқан облыстық «AMANAT» партиясы, Тараз қалалық әкімшілігі, Ш.Мұртаза атындағы Баспасөз үйі алдынан Төлеби көшесіне шыққан көлік оңға да, солға да бұрыла беретін. Қазір облыстық кірістер департаменті алдынан, яғни Төле би көшесінен солға бұрылуға тыйым салынған. Көлік жүргізушісіне «оңға бұрыл» дегенді білдіретін арнайы жол белгісі де қойылған. Мұның көлік қозғалысының қауіпсіздігі үшін жасалғаны түсінікті. Алайда жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің жаңадан жол белгісі қойылған жерді бақылауға алуы қаншалықты заңды? Өйткені полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған көлік жүргізішілерін соңынан қуып барып тоқтатып, айыппұл салуда. Жол патрульдік полиция қызметкерлерінің қауіпсіздік үшін үнемі қозғалыста болатыны, қала ішіндегі белгіленген аумақты аралап, жол ережесін немесе тәртіп бұзғандарды айыпқа тартатыны заңды. Ал олардың әдейі бір орында, яғни көлік ішінде отырып алып жол ережесін бұзғандарды аңдуы қаншалықты ақылға сыйымды? Бұған рұқсат қандай заң талаптарына сай беріліп отыр? Патрульдік жол полициясы көлік аңдуға қайта кіріскен бе?

Әли АЛТЫНБЕКОВ,

Тараз қаласының тұрғыны

БАҚЫЛАУ, ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 2022 жылдың 26 қарашасынан бастап жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және көлік кептелістерінің алдын алу, реттеу мақсатында орталық Төле би көшесінің бойындағы Тараз қаласы әкімдігі аумағында көлденең жол белгілерінің бағыты өзгертіліп, жаңа жол белгілері қойылды. Жаңа белгіге сәйкес, әкімдік аумағынан шыққан  көлік жүргізуішілері көлік жүргізуішілері Төле би көшесінен «сол бағытқа» емес, «оң бағытқа» қарай бұрылатын болады. Бұл өзгерістер туралы ескерту хабарламалар алдын ала облыстық полиция департаментінің, Тараз қаласы полиция басқармасының ресми әлеуметтік парақшаларында жарияланды. Осыған сәйкес, аталған аумақта жыл соңына дейін Тараз қаласы жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалау, жүргізушілерге ескерту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар жаңадан қойылған жол белгісін әдейі аңдып отырған жоқ. Бақылау, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңа белгіні байқамаған жүргізушінің жол ережесін бұзуына байланысты полиция қызметкерінің оны тоқтатып, ескерту жасауы заңды. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабына сәйкес, көрсетілген жол белгiлерi немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалар талаптарын сақтамау – 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың 1-бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар