Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа көмекшісі тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан президентінің көмекшісі – Қазақстан Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын, - деп жазылған Жарлықта.Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Айта кетейік, Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген; 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетін бітірген, заңгер; 2001 жылғы тамыздан Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы; 2001 жылғы желтоқсаннан Қызылорда облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы. 2003 жылдан бас инспектор, бөлім меңгерушісі; 2005 жылдан Төтенше жағдайлар министрлігі құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы; 2007 жылғы мамырдан Kazakh Integrated Services ЖШС-нің заңгері (Астана қаласы); 2007 жылғы қазаннан CNRG Capital ЖШС өкілдігінің заңгері (Астана қаласы); 2008 жылы Қызылорда облысы әкімі аппарат жетекшісінің орынбасары; 2010 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі; 2021 жылғы сәуірден осы уақытқа дейін Президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.
Келесі мақала
Таразда Илья Жақановтың шығармашылық кеші өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда U15 және U23 санаттары арасында Қазақстан чемпионаты басталды
- авторAR-AY
- 9 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Таразда референдум қарсаңында спорт пен өнер тоғысқан мерекелік шара өтті
- авторAR-AY
- 7 наурыз, 2026




