Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сайлау саяси белсенділігіміздің өскенін көрсетті

Сайлау саяси белсенділігіміздің өскенін көрсетті
ашық дереккөз
Сайлау саяси белсенділігіміздің өскенін көрсетті
Жуырда «Amanat» партиясы облыстық филиалының «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Қоғамдық пікір көшбасшылары, үкіметтік емес ұйым белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысқан шарада сайлаудың қорытындысы мен еліміздің алдағы жоспары сөз болды. 20 қарашада өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Президент өзінің сайлауалды тұғырнамасында алдағы 7 жылда атқарылатын бірқатар бастамалары мен жұмыр жоспарын ұсынды. Бағдарламада басымдық тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру мен әділетті қоғам құруға берілген. Диалог алаңында сайлаудың қорытындысы бойынша және Мемлекет басшысының алдағы жоспарлары туралы ойлар айтылды. Басқосуда алғаш болып сөз тізгіндеген «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов Президентті ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды өркендетуге күш салатынына назар аударғанын жеткізді. – Расында, ауыл – қаймана қазақтың алтын бесігі. Ауыл өркендемей мемлекетіміздің көсегесі көгермейтіні белгілі. Бұл орайда Президенттің ауылға мән беруі заңды деп ойлаймын. Сонымен қатар Мемлекет басшысы елден заңсыз шығарылған активтерді Қазақстан Республикасына қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған активтерді анықтау және оларды мемлекетке қайтару туралы да бастама көтерді. Бұл бойынша Президент Үкіметке заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Өздеріңізге белгілі, биыл наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу қажет екенін айтқан болатын. Қарашаның басында заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізілді. Сол өзгерістерге сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер бұдан былай «Amanat» партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының төрағасы лауазымын атқармайды, – деді Дауыл Ынтықбайұлы. Диалог алаңында бұдан өзге ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы ойлар ортаға салынып, пайымды пікірлер айтылды. Мәселен, облыстық мәслихаттың депутаты Гулам Умаров Президенттің сайлауалды тұғырнамасында мемлекет пен бизнес мүмкіндігін біріктіре отырып, денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртумен айналысуы керек деген пікіріне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ жиында білім және жастар саясатына қатысты Президенттің бастамасы мен іске асатын реформалары туралы да айтылды.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ, «Amanat» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар