Жамбыл жаңалықтары
Жамбыл облысында 12 қару мен 100-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді
- author AR-AY
- 2 желтоқсан, 2022
- 160
Жамбыл облысында 12 қару мен 100-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді
Жамбыл облысында үш күнде 12 қару мен 100-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді. Тәркіленген қарулардың ішінде екі ұсақ калибрлі ТОЗ -16 және ТОЗ-8 мылтықтары, ИЖ-56 Белка қос ұңғылы шолақ аңшы мылтығы, 2 шолақ және 7 тегіс ұңғылы мылтық бар.
Polisia.kz-тің мәліметіне қарағанда, Тараз қаласының шеткі аудандарының бірінен калибрі 12 миллиметр МР-153 тегіс ұңғылы мылтық табылды. Сондай-ақ, Сарысу ауданының Ә.Бүркітбаев ауылынан 10 шақырым жердегі шаруа қожалығында орналасқан сарайдан 5,6 калибрлі ТОЗ-16 мылтық, калибрлі ИЖ-18Е бір оқпанды аңшы мылтығы, 19 патрон және 58 гильза табылып, тәркіленді. Одан басқа полицейлер Жамбыл ауданында орналасқан тағы бір шаруа қожалығында жасырынған калибрі 16 миллиметр ИЖ-18 ЕМ бір ұңғылы аңшы мылтығын тауып, тәркіледі.
Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Жыл басынан бері полицейлер барлығы 673 атыс қаруын, оның ішінде 131 автомат пен 232 тапанша тәркіледі.
Келесі мақала