Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
ашық дереккөз
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Құжаттарды цифрлы форматқа көшіру – мемлекеттің басты бағыттарының бірі. Қағазбастылықтан арылып, неғұрлым онлайн қызметтерді көбейту – әлемдік ақпараттық технология көшіне ілесудің бір жолы. Бүгінгі таңда Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетуде. Атап айтқанда, су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу; балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру; жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру; саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру; балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісім беру. Барлық мемлекеттік қызметтер «Электронды үкіметтің» www.egov.kz, elicense.kz веб-порталы арқылы беріледі және мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Жыл басынан Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына 32 өтініш келіп түсті.

Қуаныш ҚОЖАХМЕТОВ, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар