Жамбыл жаңалықтары
Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС зауыты қалыпты жұмыс істеп тұр
- author AR-AY
- 25 қараша, 2022
- 209
Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС зауыты қалыпты жұмыс істеп тұр
Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС зауыты қалыпты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні «Казфосфат-Қаратау» ТКӨК ЖШС-нің Көксу кенішінде жұмысшылар жиналып, өз талаптарын білдірді.
Көксу кенішіне «Казфосфат» ЖШС-нің бас директорының орынбасары және Басқарма төрағасының орынбасары келіп, жұмысшылармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын, аудан прокуроры қолданыстағы заңға сәйкес жауаптылықты түсіндірді.
Кездесуде жұмысшылардың жалақыны көтеру бойынша талабына сәйкес толыққанды ақпарат ағымдағы жылдың 29 қарашасында жарияланатындығы туралы айтылды. Қазіргі таңда құрылған жұмыс тобы тиісті іс-шаралар жүргізуде. Жиналғандар тарқасып, өз жұмыс орындарына оралды. Ахуал тұрақтанды.
Сондай-ақ, кәсіпорынның «КисТас» кеніш орнында басшылықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қазіргі кезде жағдай тұрақты.
Келесі мақала