Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жүргізуші куәлігін алудың тәртібі қандай?

Жүргізуші куәлігін алудың  тәртібі қандай?
ашық дереккөз
Жүргізуші куәлігін алудың тәртібі қандай?
Жүргізуші куәлігі – автокөлік иесі үшін таптырмайтын құжат. Бірақ куәлік мерзімі аяқталса, сіз тегіңізді, атыңызды және әкеңіздің атын өзгертсеңіз немесе құжат жоғалса не істеу керек? eGov.kz порталында «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметіне тапсырыс беріңіз. Ол үшін: • eGov.kz порталында «Азаматтарға > Көлік және коммуникациялар > Автомобиль көлігі > Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдаңыз; • өтінімді толтырып, барлық қажетті құжаттарды тіркеңіз. Тегін ауыстырған кезде – неке қию туралы куәлігін, ал құжатыңыз ұрланған немесе жоғалтқан болсаңыз – жергілікті полиция бөліміне анықтаманы тіркеңіз; • баж салығын төлеңіз және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз. Сонымен қатар сіз аталған қызметті eGov mobile қосымшасынан ала аласыз: • «Қызметтер каталогы > Көлік жүргізу және көлік > Жүргізуші куәліктерін беру» қосымша бетін таңдаңыз; • бұдан әрі жоғарыда аталған нұсқауларды орындау қажет. Қызмет көрсету мерзімі 1 сағаттан аспайды. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі – мамандандырылған ХҚКО-да ұсынылуы қажет электрондық сұрау салу. Бұл ретте өзіңізде жеке басты куәландыратын құжат, оны тапсыру үшін бұрынғы жүргізуші куәлігі, егер жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен болса, 083-у нысанындағы медициналық анықтама болуы қажет.

Айгерім ҚҰМАРОВА, Тараз қалалық №3 ХҚК бөлімінің маманы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар