Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жылжымайтын мүлікті жедел тіркеуге де болады

Жылжымайтын мүлікті жедел тіркеуге де болады
ашық дереккөз
Жылжымайтын мүлікті жедел тіркеуге де болады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы адамның дүниеге келгенінен бастап өмір бойы қызмет көрсетеді деп айтсақ, артық емес. Себебі тұрмыстағы ең маңызды құжаттар мемлекеттік корпорация қызметіне тікелей байланысты. Оның қатарында туу туралы куәлік, жеке куәлік (төлқұжат), босану жәрдемақысы, зейнеткерлік төлемдер, мүлікке құқық беретін және жеке кәсіп ашу секілді маңызды қызметтер бар. Бүгінгі таңдағы жаңа үрдістің бірі – электронды қызмет. Электронды қызмет көрсетудің ең тиімді тұсы уақыт үнемділігінде болып тұр. Қуантарлығы, осы жүйенің қолжетімділігін түсініп, өз уақыттарын тиімді пайдаланатын азаматтар саны күн санап артып келеді. Қазір азаматтардың тиісті мекемелерге бармай-ақ, үйде отырып қызметтерді алуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ қазір «egov.kz» порталының қызметінен бөлек, «mgov.kz» мобильді қосымшасы мен телеграмдағы «EgovKzBot»-ты меңгеріп жатқан тұтынушылар да көбейіп келеді. Сонымен қатар аталған қызметтердің оңтайланғанының нәтижесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімдері де едәуір қысқарды. Айта кету керек, ҚР Әділет министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне өзгерістер енгізілген болатын. Осы өзгеріске сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды, ал нотариалды куәландырылмаған мәміле бойынша мемлекеттік тіркелген жағдайда мемлекеттік қызмет өтініш келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Сонымен қатар жылжымайтын мүлікке құқықтарын жедел түрде тіркеу қызметі қолданысқа енді. Мемлекеттік тіркеу мерзімі жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылған болса, бір тәулікте орындалады. Төленетін төлем пәтер үшін 3607,63 теңге болса, тұрғын үй жер телімімен 7215,26 теңгені құрап отыр. Тұрғын емес нысандар үшін алынатын төлем нысандардың санына қарай анықталады. Ал нотариус арқылы жасалған шарттар бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы ұсынылатын болса, орындалу мерзімі – 2 сағат. Төленетін төлем пәтер үшін 4810,18 теңге болса, тұрғын үй жер телімімен 9620,36 теңге болып бекітілген. Тұрғын емес нысандар үшін алынатын төлем нысандардың санына қарай анықталып, есептелінеді. Осы орайда «Электронды үкіметті» және жедел тіркеу қызметтерін қолданып, өз уақыттарыңызды үнемдеңіздер.

Шыңғыс СМАИЛОВ, тіркеу басқармасының бас сарапшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар