Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әлеуметтік төлемдер қалай рәсімделеді?

Әлеуметтік төлемдер қалай рәсімделеді?
ашық дереккөз
Әлеуметтік төлемдер қалай рәсімделеді?
Бүгінде бала тууына және оның күтіміне берілетін жәрдемақы төңірегінде қойылатын сұрақтар аз емес. Осы орайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалы Тараз қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі басшысының орынбасары Ғазиза Айдынбекова кең талқыға түскен әлеуметтік төлемдерді қалай рәсімдеу керектігі туралы сауалдарға жауап береді. – Бала туғанда берілетін жәрдемақыны рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет? – Мемлекеттік корпорация бала туғанда берілетін жәрдемақы және оның күтімі бойынша композит қызмет көрсетеді. Оған бірден бала тууы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша екі жәрдемақы кіреді. Оны рәсімдеу үшін жеке куәлік, барлық баланың туу туралы куәлігі, банктен ашылған шот нөмірі сияқты құжаттар қажет. – Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшері қанша? – 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы 1,2,3 балаға – 120 840 тенге (38 айлық есептік көрсеткіш), төртінші және одан көп балаға – 200 340 (63 айлық есептік көрсеткіш) теңгені құрайды. Жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады. – Жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар үшін 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері қанша? – Тұрақты түрде әлеуметтік аударымдар жүргізетін әлеуметтік сақтандыруы бар жұмыс орнында істейтін азаматтар үшін бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы 24 айға есептелген әлеуметтік аударымдар ұсталған орташа айлық табыстың 40 пайызы болады. Жұмыс істемейтін азаматтар үшін 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап республикалық бюджеттен бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері: • бірінші балаға – 5,76 АЕК – 18317 теңге; • екінші балаға – 6,81 АЕК – 21 656 теңге; • үшінші балаға – 7,85 АЕК – 24963 теңге; • төртінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК – 28302 теңге. – Бала күтімі жөніндегі жәрдемақыдан ұстап қалу бар ма? – Бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі жәрдемақыдан міндетті зейнетақы жарналары ұсталады, олар жәрдемақы алушының бірыңғай жинақтаушы қордағы шотына жіберіледі. – Егіз не үшем туған кезде әлеуметтік төлемдер қалай бөлінеді? – Егіз немесе одан көп бала туған кезде әр балаға тиісті жәрдемақы тағайындалады. – Бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны қайдан алуға болады? – Жәрдемақыны ХҚКО, www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы; алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы; «Kaspi.kz» және «Халық Hомеbаnк» мобильді қосымшалары; СМС арқылы проактивті түрде рәсімдеуге болады. – Жәрдемақыны тағайындау үшін қандай уақыт аралығында жүгінуге болады? – Бала туғанда берілетін және оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау үшін баланың туған күнінен бастап келесі 12 ай ішінде жүгінуге болады. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала 1 жасқа толғанға дейін ай сайын төленеді.

Марат Улеков, Тараз қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар