«Қазфосфат»-та дау неден туды?
Ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні сағат 11:40 шамасында «Қазфосфат» ЖФ қызметкерлер арасында түсінбеушілік туындады.
«Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестеріне дөрекі сөйлеген. Соның салдарынан түсінбеушілік орын алған.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестерінен кешірім сұрады. Ол жұмыстан шығарылды. Жиналған қызметкерлердің саны 200-ді құрады.
Осы оқиғаға қатысты зауыт ішінен ерікті 20 адамнан құралған жұмысшы топ құрылды. Топ құрамына әр цехтың басшысы және кәсіподақ өкілдері еніп, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізуде.
Қазіргі таңда кәсіпорындағы ахуал тұрақтанды. Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы
Келесі мақала